Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақ болсаң, сақтайды

Сақ болсаң, сақтайды

Жаз кіре сала аптап ыстық ауа райының салдарынан халықтың көбі дария жағалауына келіп, ыстығын басуда. Су айдындарында сақтық ережелерінің бұзылуынан адам өміріне қауіп төнуде. Ашығын айтқанда жыл басынан бері облыс көлемінде 9 адам дария қарқынымен ағып, мерт болса, оның 3-і кәмелетке толмаған жасөспірім екені белгілі болды. Бұл жөнінде аудандық мәжіліс залында өткен басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бекболат Шәріпбеков мәселе етіп көтеріп, аудан төңірегіндегі қауіпті су айдындарындағы бақылауды күшейтудің маңыздылығын түсіндірді.


Адам өмірі таразыға салынған басқосуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №14 өрт сөндіру мекемесінің мамандары, аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме қызметкерлері, білім бөлімінің инспекторлары және жергілікті полиция өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Суға кетудің жай-жапсарына мән берсек, соңғы үш жылда 44 балғындарымыздан қапыда айрылып, қаншама отбасы қайғыдан еңсе тіктей алмай келеді. Ашығын айтқанда, мұның 99 пайызы ата-анасының қарауынсыз қалған жеткіншектер екен. Қазіргі таңда ата-аналардың жұмысбастылығы мен ажырасудың артуы бала өліміне жол ашып отыр. Осы тұста біз әрбір баланың жауапкершілігі ең алдымен атаананың мойынында екенін айтқымыз келеді. Ал, биылғы жылы суға батқан 3 баланың екеуі ата-анасының қарауынсыз қалуынан құдық пен терең септикке құлап мертіккен. Өткен жылы 9 баланың 5-і шомылуға тиым салынған аймақта жан тапсырған. Дария маңында 16 тыйым салынған және 47 қауіпті аймақ бар. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Елжан Базарбайұлы егжей-тегжей айтып берді.

– Ауыл-аймақтардағы канал, өзен және көлдердің атырабында суға түсушілерге арнайы «қауіпті» деген белгілер мен ескерту тақталары ілінді. Жаңақорған кентінің маңындағы су айдындарына тұрақты кезекшілік бекітілген. Алғашқы бір аптаның өзінде көптеген тұрғындарға судың қауіптілігі жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді, – деді.

Ақиқатын айтсақ, төтеншеліктерге бой бергісі келмейтін, дария жағалауында көңілді кеш өткізгісі келетін тұрғындар кездеседі. Соңғы суға кету фактісінде дария маңында отбасымен демалып отырған отбасының бір баласы суға батып жатқанын ешкім байқай қоймаған. Төтеншеліктер мән-жайды анықтағанда осы көңілді кештің телефонға жазылған видиосында баланың суға тұншығып жатқаны анық жазылғанымен, видио түсіріп отырған адам мұны мүлде байқамаған. Сондықтан, әрбір қадамымызға мұқият сақтық жасамасақ, жазатайым жағдайлар тыйылмайтыны анық.

Осы келелі жиында №14 өрт сөндіру мекемесінің бастығы Әлімхан Әбдіхалықұлы, аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Мұхамеджан Тоқашұлы, аудандық білім бөлімінің инспекторы Әбдіқадір Тұрар жазғы маусымдағы балалар қауіпсіздігі туралы кешенді жоспарларымен бөлісті.

Мақпал МАРҚАБАЙ
18 маусым 2023 ж. 131 0