№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әр бала – бір жұлдыз

Әр бала – бір жұлдыз

Кент орталығындағы «Арнайы балабақшаның» тынысы басқа бөбекжайлардан бөлектеу. Мұнда келген әрбір бала үлкен қамқорлықты сезінеді. Білікті педагог, психолог, дефектолог, логопедтер, массажистер тірек қимылы әлсіз дамуында тежеуі бар баламен жұмыс істеп, денсаулығын нығайтуға маңыз береді.


Білім беру ұйымдары жылды қорытындылап, бітіруші түлектерді ақ жол тілеп шығарып салып жатыр. Арнайы балабақша ұжымы да, «Әр бала бір жұлдыз» атты қоштасу мерекелік іс шарасын өткізді. Әр бала өз орнын тауып, мектепке барып, қатарының алды болсын деген ниетпен 11 баланы ыстық ұямыздан шығарып салдық. Бітіруші топ тәрбиешісі Жақсыгүл Сапарова апайымыз жанын салып, балалармен бірге бала болып жұмыс жасады.

Қоштасу кешінде өз өнерлерін ортаға салған балақайлар түрлі көріністер қойды. Бойы мен ойы өскен балалар мектеп табалдырығын аттауға дайын екендіктерін аңғартты. Балалардың іс-шараға белсенділікпен және тыңғылықты дайындықпен қатысуы балабақша ұжымының жемісті жұмысын әйгілеп тұрғандай. Қоштасу кешінің шымылдығын балабақша меңгерушісі Жамал Нәлібаева ашып, балапандарға сәт сапар тіледі.

– Бүгінгі іс шара барлығымыз үшін өте ерекше болғалы тұр. Өйткені, тәй-тәй қадам басып келген бөбектеріміз енді едәуір есейіп, мектеп табалдырын аттамақ. Міне, кезекті тәрбиеленушілерімізді балабақша қабырғасынан қимастықпен шығарып саламыз. Жыл бойына балабақша бүлдіршіндері үлкен жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық деңгейдегі байқаулардан жүлдемен оралуда. Мұның бәрі – Сіз бен біздің, балғындарымыздың үлкен еңбегі, – деді.

Балабақша тәрбиешілері мен ән-би жетекшілеріне әр үйдің бір еркесінің бойына тәлім мен тәрбиенің негізін қалап, талабын ұштаудағы орасан еңбектеріне өз атынан алғысын айтты. Одан әрі ұстаздарына өлең жолдарымен балапан тілектерін айтып, әуеге шар ұшырды. Ұйымдастырушылар ата-аналарға да ойын ойнатып, мереке көңілді жалғасын тапты. Мерекелік ертеңгілік соңында атааналар сөз сөйлеп, ал болашақ үміттері тәлім бесігінен осы балабақшаға балаларын үлкен сеніммен тапсырғандарын, кішкентайларының көп нәрсе үйреніп шыққанын айтып, алғыстарын жеткізді.

Осы тұста айта кетейік, халық сұранысына сай ашылған балабақшаның ерекшелігі – кешенді көмек көрсетуінде. Мұнда келген балалардың көбі тірек қимылының әлсіздігі, тіл дамуының кешеуілдеуі мен есте сақтау қабілетінің төмендігімен келуде. Қызметкерлер жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Біздің арнайы балабақшада екі жас пен жеті жас аралығында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу, білім беру, дамуындағы ауытқуды түзету, дамыту, медициналық бақылау және құрал-жабдықтарды пайдалана отырып сауықтыру жұмыстарын жүргізіп келеміз.

Қазіргі уақытта бізде даму мүмкіндігі шектеулі есту қабілетінде, тірек-қимыл қозғалыстарында, сөйлеу тілінде мүкістігі бар бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатыр. Бізде ең ауыры баланың тұрақтылығы жоқтығы. Бұл үлкен әсер етеді. Үйде еркін өсіп қалғандықтан, мұнда келгенде де отырмай, тыңдамай түрлі қиындықтар тудырады. Балалардан бөлінетін энергия да бөлек. Жұмыстан үйге оралған 3-4 сағатта балалардың аурасынан шығу оңай болмайды. Міне біздің жұмысымыздың қаншалықты күрделілігін осыдан аңғаруға болады. Әр бүлдіршіннің отбасымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Еңбектеп келген балалар жүріп, сөйлеуге қиналатын балалар жақсы нәтиже көрсетіп, жыл сайын мектеп табалдырығын аттап жатыр.

Мұндай ерекшелігі бар балалардың қазіргі таңда көптеп кездесуіне ұялы телефон және басқада заманауи техникалар себеп болып тұр. Қазіргі уақытта көптеген отбасы баласы жылағанда жұбату үшін телефоннан түрлі шет елдің дүниелерін қосып беріп жатады. Осыны көріп өскен баланың сөйлеуі де тежеліп, сыртқы ортамен байланысы да азаяды. Бұлардан гөрі ежелден келе жатқан ертегі, жаңылтпаш сынды қазақы құндылықтарды бойына сіңірсек, қиялы ұшқыр, сергек ұрпақ қалыптасар еді. Осындай балабақшаның табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге тәрбиешілер қадамдарына ертеңге деген нық сенім ұялатып, патриоттық сезімдерін оятып, ұлт ұрпағын тәрбиелеп, нәтижелі жұмыс атқаруда.

Гүлнұр Сүлейімбекова, “Арнайы” балабақша тәрбиешісі
13 маусым 2023 ж. 246 0