Қызылордада жастарға арналған «Өз еліңді таны» экспедициясы өтті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен еліміздегі құндылығы жоғары, тарихи-мәдени мұралармен танысу мақсатында Қызылорда мен Түркістан облысының қалаларына саяхат жасалды.
Топтың құрамында облыстық Қазақстан халқы ассамблея жанындағы “Ассамблея жастар” ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева, ұйым белсенділері, Волонтерлар орталығының үйлестірушісі Уалихан Жанбатыр, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев болды.
«Өз еліңді таны» тарихи-танымдық экспедициясының мақсаты Түркістан және Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау арқылы Сауран, Сығанақ сияқты орта ғасырлық қалалар, сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи археологиялық кесенелер тарихымен танысу. Қазақстан халқының рухани құндылықтарын насихаттау мен оқып-үйрену негізінде қазақстандықтардың бірегейлігін, ұлттық бірлігін нығайту. Алдағы уақытта өңір жастарына басқа да киелі жерлерді көрсетіп, сол арқылы бүкіл туған өлкенің тарихы мен мол құндылықтары туралы білімдерін арттыру, отансүйгіштік қасиеттерді күшейту болып табылады»,- деді «Ассамблея жастар» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева.
Экспедициясының алғашқы аялдамасы – Сыр өңіріндегі мәдени-тарихи ескерткіштердің бірегейі - Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар көне қала – Сығанақ болды. Сығанақ қаласының орны қазіргі "Сунақата" елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Қала өмірі VІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейін созылған. Моңғол шапқыншылығы кезінде қала толығымен қирап, тек ХІV ғасырдан бастап қайта қалпына келтіріліп, Сығанақ қаласы Ақ Орда мемлекетінің астанасы болды.
Тарихи-танымдық экспедициясы Сауран қалашығында да болды. 13 ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болған. Бұл қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұналарының қалдықтары бар, ауданы 500-880 м дөңгелек алаң. Экспедиция мүшелері қаланың ішіне қақпа арқылы кіріп, қаланы қоршаған дуалдың сырт жағындағы көптеген каналдардың ізін көріп, жеті қатар қорғаныс қабырғалары іздерін тамашалады.
Экспедиция өз жұмысын сәулеттің көрнекті ескерткіші, ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып жалғастырды. ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра тізіміне қосылған Қазақстандағы бірінші құрылыс. Түркістан қаласында орналасқан. Кесене сопылықтың негізін қалаушы, ойшыл, ақын, уағызшы Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауидің құрметіне тұрғызылған. Яссауи Арыстанбаб пен Юсуф Хамаданидан білім алады, сопылық негіздерін, араб және шағатай тілдерін, поэзия мен Шығыс әдебиетін оқыған. Өз ілімінде ол тақуашылық, төзімділік, мейірбандылық, әділдік пен адалдықты дәріптеді. Яссауи өлімінен 233 жыл өткеннен кейін Орта Азияның қуатты билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен жаңа кесене салынады. Қожа Ахмет Яссауи мешіті бүкіл дүние мұсылмандары үшін қасиетті орынға айналды. Мұнда жастар Қожа Ахмет Яссауидің тарихына байланысты естеліктер, құжаттарды, өмірі туралы сыр шертетін экспонаттарды тамашалады. Бар ынта-ықыластарымен тыңдап, мүмкіндігінше мол ақпарат алуға тырысты.
Мұнан соң өңірлік жастар Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ассамблея жастарының белсенділерімен кездесіп, түрлі бағыттағы маңызды мәселелерді талқылады. Өзара тәжірибе алмасып, алдағы жоспарларын айтып өтті.
Экспедиция соңында саяхаттаушы құрам ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізе отырып, алған әсерлерімен бөлісті.