Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына Қызылордадан арнайы делегация құрылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына Қызылордадан арнайы делегация құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың өкіміне сәйкес 2023 жылдың 26-27 сәуірі күндері Астана қаласында «Бейбітшілік пен келісім» сарайында «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтеді.


Бірінші күні «Назарбаев Университеті» базасында делегациялар мен өңірлерден шақырылған қонақтардың қатысуымен панельдік тақырыптық секциялар мен дискуссиялық интенсивтер ұйымдастырылады.
Талқылауда «Бірлік пен келісім: дәстүр, мәдениет және білім» секциясы, «Қазақстан халқы ассамблеясының саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» секциясы, Ұлттық құрылыс және жалпыұлттық бірегейлік бойынша интенсив, Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив тақырыптарын қарастырылмақшы.
27 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының жұмысына қатысу үшін Қызылорда облысынан этномәдени бірлестік жетекшілері және Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылым өкілдерінен арнайы делегация құрылды. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері де енгізілді.Kyzylorda-news.kz.
26 сәуір 2023 ж. 608 0