№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінің көрнекті жерлері таныстырылды

Сыр өңірінің көрнекті жерлері таныстырылды


Қызылорда облысында «Қазақстан – ғарышқа жол» атты отандық турфирмалар мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық тур қатысушыларына Сыр өңірінің көрнекті жерлері таныстырылды және «City Tour» ұйымдастырылды.

Экскурсия аясында қонақтар «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін, Қызылорда және Байқоңыр қалаларындағы мәдени нысандарды аралады. Тур барысында ең алдымен Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде болып, кешен жанынан ашылған мұражайды тамашалап қайтты.
Одан соң Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы тарихи мұражайы, «Союз» зымыран тасығыш монументі, Ю.А.Гагарин мен академик С.П.Королев ескерткіштері, сондай-ақ, «Ғылым және ғарыш» стелласының тарихымен танысу сәтіне куә болды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Аида Керімқұлованың қолөнер орталығына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Айтбай» мешітіне, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне, облыстық көркемсурет галереясына және «Рухани жаңғыру» мұражайына аялдады.
Турдың негізгі мақсаты – Сыр өңіріндегі мәдени-тарихи нысандарды туристік компаниялар мен блогер, трэвел-блогерлерге кеңінен таныстыру.
Осы арқылы туристерді қызықтырып, тартып, аймағымыздың туристік әлеуетін бүкіл республикаға паш ету. Нәтижесінде, бұл шаралар облысымыздың туризм саласының дамуына мүмкіндік береді деп сенеміз.
01 қараша 2021 ж. 343 0