№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Мен кәсіпкер” қандай жоба?

“Мен кәсіпкер” қандай жоба?

Биыл Қызылорда облысында 600-ден астам азаматқа «Мен кәсіпкер» жобасы аясында қызмет көрсетіп, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бірнеше өнім түрлері шығады деп күтілуде.Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов айтқан болатын. Бұл қандай жоба, оның мақсаты не? Осы сауалдарға жауап іздеп көрген едік.

– Биыл кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктері енгізіліп жатыр. Қаржылай қолдау тетіктеріне 2,5 пайызбен жастарға берілетін несиені, «Ауыл аманаты» бағдарламасын айтуға болады. Ал қаржылай емес қолдау тетігіне биыл басталған «Мен кәсіпкер» жобасын атап өткім келеді.

«Мен кәсіпкер» – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылып жатыр. Ол жаңа жоба. Бірнеше саланы қамтиды. Жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатыр, – деді Пірмұхаммед Сыздықов. «Мен кәсіпкер» – жобасы бірнеше саланы қамтиды. Негізгі екі бағыты бар: әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы, кәсіпке бағыт.«Бір ауыл – бір өнім» жобасы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында іске асады.

«Бұл қыз-келіншектерге арналған жоба. Оның шартының бірі – шикізат жергілікті өнім болуы керек. Негізі бұл жоба пилоттық тұрғыда төрт облыста жүзеге асқан. Былтыр Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында іске асты. Биылдан бастап барлық өңір қатысады. Сол себепті, идеясы бар немесе жобасы дайын, қалай жүзеге асыруға болады деген қыз-келіншектерге қолдау көрсетеміз»,– деді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова.

Жоба ауданда қалай жүзеге асады? Бұл жөнінде «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков жауап берді.

– «Мен кәсіпкер» құралы бойынша оқыту екі бағытта жүзеге асырылады. «Кәсіпке бағыт» ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында құзыреттіліктерге оқыту мен салалық (бейіндік) оқытуды қамтиды. Екінші, «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша оқыту кәсіптік және бизнесоқытуды, дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды, әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытуды және кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер үшін қаржыландыру (краудинвестинг, Инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға үйретуді қамтиды.

«Мен кәсіпкер» құралы бойынша оқыту тегін ұйымдастырылады. Оқуды аяқтағаннан кейін одан өткені туралы сертификат беріледі. Өтінімдер сенбі және жексенбіден басқа жұмыс күндері сағат 18.00- ге дейін қабылданады, – деді А.Жолдасбеков.

Демек, тағы бір жоба шағын кәсіпкерліктің шырайын кіргізеді деп күтілуде. Бастамасы бар, тек бағытын дұрыс таңдаған жас кәсіпкерлер тың идеяны жүзеге асыра алады. Ендеше, жобаны жүйелі, әрі тиімді пайдалана білейік.

Әли Темірбек

16 мамыр 2023 ж. 295 0