№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еліміздің ертеңі жастардың қолында

Еліміздің ертеңі жастардың қолында

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Ата-бабаларымыз болашақ ел үшін,жастар үшін ақтық демі қалғанша қан төгісіп, күресіп біздің Қазақстанды егемен ел етіп, сан ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздікке қолымызды жеткізді. ХХI-ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған үлкен бақыт деп ойлаймын. Ендігі келешек күннің бастауы жастар қолында, болашақтың одан әрі жарқын болуы тәуелсіздікті егемендікті сақтап қалуда осы біздердің қолымызда. Халық, ел жастарға сенеді.


Ал ол сенімді бүгінгі заманның жастары қалай ақтауда?
Бес саусақ бірдей емес. Барлық адамның ой-өрісіде, сана сезіміде, ойлау деңгейіде, бір дәрежеде қалыптасып жатқан жоқ. Әрине, бүгінгі заман жастарына кінә тағуға да болмайды. Деседе жастарда адамгершілік, сана, терең білім, таза ой жетіспейтіндей. Мән беріп қарасақ әр жас буын өзініңбасты не көздегенінде, неге қызығатынын білмейді. Бұл елдің одан әрі дамуына кері әсерін тигізеді. Көп бос уақытын әлеуметтік желімен, бос қиялдап жатумен өткізіп жатыр. Әрине, елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің басты борышымыз.

Елбасымыздың халыққа жолдауында ХХI-ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса елімізді өркендету үшін, одан әрі дамуы үшін де білімді жастар қажет. Жан-жақты ізденіс үстінде жүріп, білімнің тереңіне жетуіміз керек. Сонда ғана болашақтың бастауыда, келешегіде бұлыңғыр болмасы анық. Қазіргі заманжастарының көбісі адамгершіліктен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көркейтеді? Елінің қамын қалай ойлайды? Оны қалай қорғамақ?

Осының бәрін ойға алсақ қоғамды түсініп болмайсың. Тұңғиығына батып, түбіне жетеде алмайсың. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»- дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі жастарәсте қажет. Олардың орны еліміз үшін маңызды. Бізде мүмкіндіктер өте көп. Біз тек оқуымыз, ізденуміз, дамуымыз, жарқын болашаққа қарай нық қадаммен ұмтылуымыз керек.

Елімізді көркейтуде ата-баба үмітін ақтауда бар күшімізді салуымыз керек. Біз діттеген мақсаттарымыздың біразына жеттік. Өз ата заңымыз қалыптасты, үлкен арманымыз, мақсаттарымыздың бірі «дамыған 30 ел» қатарына кіріп, тәуелсіз егемен ел болдық.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, – деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлем алдын да танытатын да – жастар!
Жастар – елдің ертеңі!

Қорытындылай келе, әрбір жас жүрек өзінің туған отанын Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім оянып, келешегіміз кемелдене түсері анық.

Жанна Қоқанбай,
№213 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
10 мамыр 2023 ж. 276 0