№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар күніне орай марапаттау шарасы өтті

Жастар күніне орай марапаттау шарасы өтті


12 тамыз күні Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үздік бейнеролик сайысының қорытынды шарасы, яғни марапаттау шарасы өтті.


Бейнеролик сайысы маусым айында жарияланған еді. 6 өтінім түсіп, соның ішінде 3 үздік бейнеролик иелері құнды сыйлықтармен марапатталды. Шараның мақсаты: аудан жастары арасында қазақстандық құндылықтар, салт-дәстүр, отансүйгіштік, отбасы тәрбиесін насихаттау бағытында болды. Ең үздік бейнеролик иесі - Нәжім Рақымжан, екінші орын иесі - Сарыбай Шерхан, үшінші орын иесі- Бектас Аманжол болды.

Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.

Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.

Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы да жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз — Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі.

Бұл күн (International Youth Day) БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сəйкес 1999 жылғы желтоқсанның 17-інен бастап атап өтіледі (Лиссабон, 1998 жылғы тамыздың 8-і мен 12-і аралығы). Кейбір мемлекеттерде жастар күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мысалы, Қытай, Түркия, Тунис, Камерун мемлекеттері жастар күніне айрықша маңыз береді.

«Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады. Тəуелсіз еліміз іргесінің берік болуы білімді мамандардың, отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кең азаматтардың қолында», – деп Елбасымыз жастарға зор сенім артқан еді.

Қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау – бүкіл Қазақстан Жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы басты байлығымыздың Тəуелсіз Қазақстан екенін əрдайым естен шығармауы тиіс.
13 тамыз 2022 ж. 302 0