№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәуелсіздік – жастар жүрегінде

Тәуелсіздік – жастар жүрегінде


Әлемде азаттығы үшін ғасырлар бойы күресіп, егемендікке қол жеткізген ұлттың бірі – қазақ. Содан болар біз үшін Тәуелсіздік құнды. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында жан-жақты түсіндіріп беріп, жастарға үлкен аманат жүктеді. Аудан жастары осы бағдарламалық мақалада көтерілген басымдықтарды талқылап, бір арнада ой түйістірген еді.


«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өткен жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, «Жастар ресурстық орталағы» КММ директоры Наурызбай Орынбасаров, «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының мүшесі Ақжарқын Тасболат және кент, ауылдық округ әкімдіктерінің жастар ісі жөніндеге мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
Сөз бастаған ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы:
– Азаттықтың рухын «Алтын адаммен» әспеттеп жүрміз. Мұның тарихи мәні бар. Неге десеңіздер, сақ, ғұн дәуірінен басталатын азаттық сүйгіш идеясы біздің тегімізде сайрап жатыр. Елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы да соның айқын делелі. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Содан бері дамудың жолына түсіп, өркениет көшіне ілесіп келеміз. Президент өз мақаласында Тәуелсіздіктің құнын терең түсінбей дамудың жолын табу қиын екенін түсіндіріп еді, – деді.
Осы ретте жастар егемендіктің әр күні қымбат екенін түсініп, елдің дамуына үлес қосуы тиіс.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын зор ықыласпен оқып шықтым. Егеменді ел болғанннан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымызға терең ой жүгіртіп, тарихымызға тоқталып, орын алған оқиғаларды жан-жақты айшықтай білген. Сондай-ақ жетістіктерімізбен қатар кемшіліктер де айтылған. Ал өзіме «Бағдар мен белес» және «Таным мен тағылым» бөлімдері алдағы уақытта жастармен жұмыс атқаруға себеп болатындай ой қалдырды, – дейді жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Еркінбекұлы.
Еркін форматта өрбіген іс-шарада жастар белсенділік танытып, өз ойларын білдірді. Сондай жастың бірі Арай Исматова: «Тәуелсіздікті сақтап, дамыту жауапкершілігі жоғары іс. Осы жолда жастардың табанды еңбек етіп, білімін арттырып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Осындай бағдарлы бағытта жастарды белсенділікке шақырамын», – деп жалынды ойын жеткізді.
Иә, Тәуелсіздік басты құндылығымыз. Оны көздің қарашығындай қорғау, сақтау баршамызға ортақ міндет. Президент өз мақалаласында «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ» деп жазды.
Расында қазақ елінің мыңжылдықтардан тамыр тартатын тарихында адамзат өркениетінің дамуына теңдесіз үлес қосты. Бірақ қазір бізге өткенімізді мақтан етіп отыратын уақыт емес. Сондықтан жиынға жиналған жастар осы турасында ой өрбітіп, әр салада белсенді еңбек етудің маңызын сөз етті.

Лаура БИБАСАРОВА
16 ақпан 2021 ж. 546 0