№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Даңқынан дала тербелген Төле би

Даңқынан дала тербелген Төле би

«Қазақта Үйсін Төле биден асқан би жоқ» – депті ескі мен жаңа заман әдебиетінің алтын көпірі, сәуегей Мәшһүр Жүсіп.


Төле би-бірлігі ажырап, берекесі кеткен елді ынтымағы мығым ел қылған, үш жүздің басын қосып, қазақ елін қайта күшейткен қоғам қайраткері, әрбір сөзі ұлы даланың жеті қырына жетіп, сүбелі ойы орындалып, билігіне байтақ дала бағландары байланған, елінің ері болған асыл да ғасыр тұлға! Шу өңірінен шыққан шыншыл, Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руындағы, қара халық тумасы Әлібектің ұлы. Қарадан шығып, төбе би даңқына жеткен әулие жас кезінен-ақ халықтың ықыласына бөленген, бір ауыз сөзбен дауды шешкен, екі ауыз сөзбен жер бөліскен, халқы көшіп жатқанда, отанындағы қарлығаштың ұясын қимай, жаудан жаны жасқансада, арын асыл тұтып, жоңғар келсе жөн сұрап:
«Киелі құс, адамға досҚарлығаш,
Ұясы оның киесі.
Отауымды бұзсам, мені ұрар оның киесi»
деп,жаудың бетін қайтарып, Қарлығаш әулие атанған аңыз адам. Хикметі жеті ұрпаққа жеткен, Тәуке хан тұсында жарық көрген жазба – Жеті жарғыны жазуға қатысқан, есімі алты алашқа аян Абылайды қазақтың текті ханы еткенде осы Төле би. Адамдарды ақиқат жолына шақырған, әділет, адалдық, теңдік, адамгершілік сынды құндылықтарды қоғамда кеңінен таратқан, ренжіскен пендені достастырып, халыққа тура жол салып берген бәтуалы би сөз қадірін, ұрпаққа былай ұлағаттайды;
“Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Бабалардан бата алған, бағы жанған би, қазақтың елдігінің ынтымақпен сақталатынын елге өлеңмен өсиеттейді: “Руға бөлінгендердің жүзі қара, Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқы сатады, Халық азса, хандыққа таласады”.

Әз Төле ақтық сапарға 1756 жылы өз күзеуінде 93 жасында аттанады. Бұ дүниедегі бар ғұмырын халқым, елім, жерім деп өткізген бидің мүрдесі Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленіп, қабіріне кесене салынған.

Халық ауыз әдебиетінің бір парасы “Өтеген батыр” дастанында: “Заманында кім жеткен, Бұлбылдай шешен Төлеген, Айтқан сөзі үлгілі, Жалпыға болған өнеге”, деп жырлаған, өзі өмірден өтсе де соңына өлмейтін үлгілі сөз қалдырған, шешен, білікті, көркем сөздерімен халық санасында жатталы қалған перзенттің әрбір мұрасы қымбат.

Назилия АБДУРАХИМ, №213 жалпы орта мектебінің оқушысы
26 сәуір 2023 ж. 280 0