№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарлығаш адамның досы

Қарлығаш адамның досы



"Қарлығаштың құйрығы неге айыр" деген аңызды оқып өстік. 
Жоңғар шапқыншылығы кезінде жұртта қалған жалғыз үйде отырған қарттан :
- Сен неге елмен бірге неге көшпедің ?,- деген қонтайшыға , 
- Мына қарлығаштар балапандарын ұшырып алып кетсін деп отырмын. Бұлар адамның досы , сондықтан ұясын бұза алмадым , - деп жауап берген қарияға жоңғарлар тиіспей кетіпті деген аңыз бар. Ол қария Төле би екен дейді. Төле би содан соң " қарлығаш би" атанып кеткен екен.Бұрын кез келген үйде қарлығаштың ұясы болатын. Олар көктемде келіп ұя сала бастайтын. Ұяны саз балшықтан өріп шығып , жұмыртқаларынан балапандар шыққан соң оларды ұядан түсіп кетпесін деп , аяқтарынан қылмен байлап қояды. Үйге қарлығаштар еркін кіріп шығып жүрсін деп терезенің бір көзін міндетті түрде алдырып тастайтын. Күн шыққаннан батқанға дейін екі қарлығаш жұбымен тынбай тамақ тасыйтын. Бір жазда үш рет балапан ашатын. Әке шешелеріміз қарлығаштың адамға жасаған еңбегін , айтып оларды өлтіруге болмайтынын құлағымызға құйып отыратын. Кешке қарай тартылған сымдарға отырып алып жарыса сайрағандар керемет болатын. Кәзір сол қарлығаштар қайда? Үйлерімізде қарлығаштың ұясы бар ма? Қарлығаштарды үйімізге кіргізбей қойғаннан кейін біздер ден мейір- шапағатта кеткен секілді. Мына сурет Өзбекстандғы жездемнің үйінде түсірдім. Құрметті қарлығаштар тезірек үйімізге келулеріңді сұраймын!
Кімнің үйінде қарлығаштың ұясы бар?
                                                    Әбдірейім Өміровтың фейсбуктағы парақшасынан.
11 маусым 2019 ж. 4 369 0