» » Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды


Біріңғай конкурстық комиссияның 2022 жылғы 30 маусымдағы қорытынды шешіміне сәйкес, аудан әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Нуридинов Бектас Балғабайұлы тағайындалды. Енді Бектас Балғабайұлы білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік ететін болады.
Бектас Балғабайұлы 1976 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы  Қазалы ауданында дүниеге келген. Отбасылы, 2 ұлы бар.
Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласының Салық бөлімінде аға маман ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, соның ішінде Кірістер басқармасында жауапты басшылық қызметтерді тізгіндеген.
2018-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.
Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, білікті басшы ретінде жауапты қызметтерді атқарған Бектас Балғабайұлы алдағы міндеттерін де абыроймен атқарады деген сенім мол.
"Жаңақорған тынысы" газеті
05 шілде 2022 ж. 715 0