№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында шетел азаматы жауапқа тартылды

Жаңақорған аудандық сотында шетел азаматы жауапқа тартылды


Жаңақорған аудандық сотында 20 наурыз 2018 жылы Өзбекстан Республикасының З. және А. есімді азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөліктерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Жаңақорған АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Жаңақорған кентінде орналасқан «Премиум-Класс-Строй» ЖШС-нің құрылысында ақылы жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының З. және А. есімді азаматтар анықталып, олардың құжаттарын тексеру барысында құқық бұзушылар бұрын Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5 бөліктерімен әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен деп келіп, пайда табу мақсатында жоғарыда аталған нысанда құрылыс жұмыстарымен ақылы айналысып жүргені айқындалған.
Сот қаулысымен құқық бұзушылар З. және А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1  тәулік әкімшілік қамаққа алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
А.Оразбаева,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
29 наурыз 2018 ж. 1 744 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 02:08
Kamagra China Vipps Canadian Pharmacy Reviews cialis 5 mg Clarithromycin Amoxicillin Cialis Viagra Pharmacie Cialis Online America

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 05:26
Prezzo Levitra In Chimica propecia farmacia online Generic 5mg Cialis Best Price Sale Doxycycline Low Price Doxycycline For Chlamydia Order Online