№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтар енді темекі мен алкоголь сатып аларда құжаттарын көрсетуге міндетті

Қазақстандықтар енді темекі мен алкоголь сатып аларда құжаттарын көрсетуге міндетті


Қазақстанда алкоголь мен темекіні сату ережелері өзгерді, енді сатушылар барлық адамдардан, тіпті зейнеткерлерден құжаттарды көрсетуді сұрауға міндетті. Бұл туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа Кодексте айтылған, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

Кодексте кәсіпкерлер 110-баптың талаптарымен танысуы тиіс, әйтпесе оларға әкімшілік жауапкершілік төніп тұр. Онда темекі өнімдерін сатушылар барлығынан жеке басын куәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті делінген. Бұл темекі шегуге байланысты басқа тауарларға да қатысты.
"Егер жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаса, темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыру жүйелерін, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартылсын", - делінген Кодексте.
Сонымен бірге, алкоголь сатушыларға да норма әсер етті. 18-баптың 110-тармағында алкоголь өнімдерін сату кезінде сатушылар жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап ету және егер бұл талап орындалмаса, сатудан бас тарту қажет делінген.
03 тамыз 2020 ж. 576 0