Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күйімен Көңілдерді тербеген

Күйімен Көңілдерді тербеген



Бүгінгі әңгімеміз қазақ елін ғана емес әлемді аузына қаратқан Құрманғазы Сағырбайұлы туралы болмақ. Дәстүрлі мызыканың шыңында тұрған күйші шығармаларының өн бойы еркіндікті, бейбітшілікті көксеуден және асқақ рухтан тұрады.
Күй тарихы әріден Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегіндердің тасқа қашап жазған жорық жырлары осы кезең ескерткіші. Қобызын серік қылған Қорқыттың күйлері бір төбе. Алтын Орда дәуіріндегі музыкалық мұра "Ақсақ құлан Жошы хан" күйі тағы бар. Ал қазақ хандығы заманында жыраулық дәстүр дүниеге келіп, күй де ұлттық сипатқа лайық аспаптық шығарма болып қалыптасқан еді. Бұл кездегі тарихи күйлер хандық дәуір тұсындағы тарихи жайларды баяндады. Асан қайғының күйлері, басқа да күйші жыраулардың толғау күйі және көне жер-су аттарына бағышталған күйлер осы кезеңнің ескерткіші. Қазақтың даласы ән мен күйдің мекені екені айтпаса да түсінікті. Қазақтың сырға толы мекенінде талай әнші мен күйшінің қоңыр үні, сазы қалықтады. Ал күй дегенде ойымызға оралатыны – күй атасы Құрманғазы. Дәулескер күйші бір облыстың немесе бір аймақтың ұлы ғана емес. Ол ұлтымызға, елімізге ортақ, күй өнері тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлға. Ұлы күйші – композитордың күйлері арқылы бүкіл әлем қазақ халқын, оның музыкалық мәдениетін таныды десек қателеспейміз. Құрманғазының күйлерін Қазақстан композиторлары әлемдік жанрлық деңгейге көтеріп келеді. Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2018-2019 жылдары атаулы күндер күнтізбесіне енді. Күйшінің «Сарыарқа» күйі 1973 жылы өткен Халықаралық музыка Бүгінгі әңгімеміз қазақ елін ғана емес әлемді аузына қаратқан Құрманғазы Сағырбайұлы туралы болмақ. Дәстүрлі мызыканың шыңында тұрған күйші шығармаларының өн бойы еркіндікті, бейбітшілікті көксеуден және асқақ рухтан тұрады. Күйімен Көңілдерді тербеген... трибунасында классикалық туынды ретінде бағаланып, ЮНЕСКО-ның барлық байланыс жүйесінде әрдайым орындалуына жолдама алған еді. Оның күйлерінің өзіндік шығу тарихы бар. Өмірдің сан тарауында түрлі кедергілер мен қиындықтарға тап болса да мойымай, домбыраға салып, күйді сөйлете білді. Құрманғазы салған жолмен қазақтың қоңыр үнін жалғап жүрген күйші ізбасарлары Жаңақорған өлкесінде де бар. «Әлшекей» атындағы өнер мектебінде тәлім алып жүрген Гүлнар Абдишеваның шәкірті Құралай Қасымхан, Ақнұр Сүлейменованың шәкірті Кәусар Әліасқан, Туғанай Нәлтаева шәкірті Жұлдызай Бақытжанқызы, Нұрмағжан Бакиров, Айгүл Өтегенованың шәкірті Інжу Тұрсынбек, Айзере Абдиллахан, Раяна Әбубәкір. Нұғман Ержановтың шәкірттері Азиза Исраил, Бейбіт Бақберген. Гүлсара Бұлдырықова шәкірттері Әмина Қалберген, Нұрханым Қалилла сынды болашақ қазақ өнерінің дамытушылары өсіп келеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл» демекші өнер мектебіндегі бірегей ұстаз әрі мектеп директоры Қалдыбек Қошқарбаев ағамыз шәкірттері туралы былай деді: – Күй – халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал Құрманғазы ұлт мәдениетінің асыл қазынасына өлшеусіз үлес қосқан, әлемдік деңгейге көтерілуіне себеп болған қазақтан шыққан дарынды тұлға. Осындай ұлы тұлғаның шәкірттері де, ізбасарлары да еліміздің түкпір түкпірінде оның өнерін дамытып жүр. Біздің шәкірттеріміздің ішінде де болашағынан үміт күттірер жастар жеткілікті. Солардың бірегейі Құралай Қасымхан бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы болса, Әліасхан Кәусар мен Жұлдызай Бақытжанқызы республикалық сайыстарда оза шауып жүр. Күй құдіретін түсініп, күйшілікке бет бұрған жасөспірімдер жеткілікті. Қорыта келе айтарымыз, еліміздің өркендеуіне ұлтжанды азаматтар қай салада болмасын өз үлесін қоса алады. Ал өмірдің ақиқатын музыка тілімен, күймен көркейту, сұлу саздың нәзік құдіретімен жеткізу үлкен шеберлік. Рауза ӘЗІЛХАН
15 наурыз 2023 ж. 316 0