Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден кесел келмесін десеңіз...

Кенеден кесел келмесін десеңіз...

Еліміздің оңтүстік бөлігінде орналасқан 4 аймақ -Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынантабиғи ошақтар болып саналады.


2022 жылы облыста бұл аурудың20 дерегі анықталды. Аумақтар кесімінде айтатын болсақ, Сырдарияда-5, Жалағашта-4 Шиеліде-4, Жаңақорғанда-3, Қармақшыда-1 және Қызылорда қаласында 3 жағдайдан орын алды. 
Инфекцияны жұқтыру көзі ретінде барлық жағдайдың 45% - кене шағумен,  25% - мал күтімімен,  15% - ауылшаруашылық жануарларын союмен, 10%- науқасқа күтім жасаумен байланысты болды.
Індетке шалдыққандардың басым көпшілігі - мал күтімімен, мал союмен, егін, ауылшаруашылығымен айналысатын тұрғындар. Сәйкесіншеер адамдардың үлесі65,5% құрап, баксымдық үлесті алып отыр.
Аймағымызда биыл 106 елді мекен қолайсыз деп танылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 елді мекенге азайғандығын көрсетеді.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларының бірі – кенелерге қарсы залалсыздандыру. Облыс бойынша кенелерге қарсы улау жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айынан облыстың оңтүстік аудандарынан басталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек,  наурыз айының 2-онкүндігінензоопаразитологиялық топпен кене жинау, зерттеу жұмыстары басталады. 
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының айналымы иксод кенелерінің өсіп-жетілу циклына тікелей байланысты. Ауру осы кенелер жаппай табиғатқа шыға бастаған уақыттан бастап тіркеле бастайды. Табиғатта ауру қоздырғыштары дала тышқандары, кірпі, торғайлар арқылы сақталады. Олар вирустарды қансорғыш кенелерге, ал кенелер басқа жануарларға, адамдарға жұқтырады. Бір ерекшелігі - адам кененің шаққанын сезбейді, себебі кене шаққан кезде қадалған жерін жансыздандыратын сұйықтық бөліп шығарады. Тек 1-3 күннен кейін ғана кене жабысқан жер қызарып, ауыра бастайды. Сондықтан табиғат аясында, немесе егіндікте жүргенде денеде кененің бар-жоғын арагідік тексеріп тұрған жөн.
Конго-Қырым қанды қызбасы асқынған жағдайда адам организімінде қанның ұю қасиеті төмендеп, денеде бөртпелер, көгерулер пайда бола бастайды, осыған байланысты халық арасында бұл ауруды «көкала» деп те атайды.    
 Аурудың жұғу жолдары:
- кене шаққанда, мал қырқымы кезінде жүннің арасындағы кенені қайшымен қиып жіберген кезде кененің ішіндегі биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда;
-  мал сойғанда, малдың етін жіліктеу, қақтау кезінде, малдың үстіне жабысқан кенені жалаң қолмен жұлып алғанда, мыжығанда кененің ішіндегі сұйықтықтарымен жанасқанда;
- қан кетіп ауырып жатқан адамға көмек көрсету кезінде науқастың қанымен жанасқанда ;
- зертханаларда қанмен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтамаса, ауа арқылы (өте сирек кездеседі) жұғуы мүмкін. 
Аурудың алдын алу шаралары:
- табиғатқа шыққанда ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына  күтім жасағанда мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді түймелеп, кене кірмеу жағдайын жасау;
- мал қырқымы кезінде қорғаныс киімдерімен жұмыс жасау, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын қоныш етік кию;
- кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану.
- Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.Бұл ретте алдымен мал ұстайтын қораларды көңнен қоқыстардан тазарту қажет. Себебі көп жылдан бері жиналған қи, көң жиналған орындар, күл-қоқыстар - аналық кенелер үшін жұмыртқа тастауға өте қолайлы. Маңыздысы бір аналық кене 800-ден 10 мыңға дейін жұмыртқа тастайды және ауру қоздырғышы вирусты тікелей жұмыртқа арқылы 100 пайыз өз ұрпағына  береді. Сол себепті жұмыртқадан жаңадан өрбіген кенелер түгелдей осы ауруды денесінде сақтаушы әрі тасымалдаушы болады, яғни жаңадан аурудың табиғи ошағы пайда болады. 
Аурудың негізгі белгілері:
Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеттің жоғалуы, құсу, жүрек айну, бұлшық еттердің ауыруы, бүйрек тұсының ауыруы, бастың, іштің ауруы байқалады. Осы белгілер байқалған жағдайда адам шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінбесе, әрі қарай қан кетумен асқынып, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.Аталған белгілер байқалса міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. 
Кез келген ауруды болдырмаудың басты шарты – сақтық шараларын орындау. Сондықтанұсынылған кенеден қорғану, аурудың алдын алу ұсынымдарын орындау арқылы Сіз өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ете аласыз. Өз денсаулығыңыз- өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

Динара Жанабергенова,
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшысы 
16 шілде 2023 ж. 222 0