№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік - экономиканың тірегі

Кәсіпкерлік - экономиканың тірегі

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әлауқатын арттыру мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының басым бағыты. Жалпы, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту нақты шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі. Әсіресе аймақтардағы бай шикізат көздерін пайдалана отырып, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуға мол мүмкіндік қарастырылуда. Осы бағытта аудандық кәсіпкерлер палатасы «Өңірлік кеңес» мүшесі Аблан Әсенов және жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев ауданға қарасты 25 ауылдық округті аралап, мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.


 Бүгінде деректерге сүйенсек, Қазақстандағы 19 млн халықтың 41 пайызы ауылдық жерде тұрады. Еліміздің ауылшаруашылық саласында өте мол шикізат қоры бар. Осы шикізат көзі шағын және орта бизнесті дамытудағы үлкен мүмкіндік екенін естен шығармау қажет. Ең бастысы, ауылдық жерлерде мал және өсімдік шаруашылығының өнімін терең өңдеу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты отандық сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізе аламыз. Елдімекендерді аралау барысында тұрғындармен кездесуде осы тақырып кеңінен талқыланды.
Ауылда әртүрлі кәсіппен айналысуға болады. Ағаш өсіру және оны өңдеу, жеміс-жидектер баптау, зергерлік бұйымдар дайындау, құс өсіру, мал шаруашылығымен айналысып, ақ өнімдер өндіруге мүмкіндік көп. Ең бастысы, кәсіптің көзін таба білген абзал. Сондықтан ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және оны барынша қолдау тетіктерін әлі де жетілдіру қажет. Алайда бұл мәселе реттелмеген, жүйеленіп зерттелмеген халде қалып отыр. Сондықтан негізгі жолы қандай, бұл бағытта Үкіметтен қандай қолдау бар соны түсіндіруді мақсат еткен топ ауыл тұрғындарының пікірін біліп, сұрақ-жауап алмасты.
Кәсіпкерлік саланың мән-жайын талқылау барысында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуы елдегі шағын және орта кәсіпкерлікпен тікелей байланысты екені айтылды. Мәсе­лен, шағын және орта кәсіпкерлік Европа елдерінде, АҚШ-та, Ресейде, Жапонияда жақсы жолға қойылып, елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты тетігі ретінде қалыптасқан. Өйткені бұл елдерде бизнесті дамытудың алғашқы кезеңдерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беріледі.
Айта кету керек, АҚШ дамыған нарықтық экономикасы бар әлемдік державалар арасындағы жалғыз өкіл ел. Міне, осындай әлемдік тәжірибеге сүйенген Қазақстанда да кәсіпкерлікті дамытуды кеңінен қолға алу керек. Себебі, елімізде дала өркениетінің бай тәжірибесі бар және соның негізінде бизнестің дамуына жағдай жасалған. Тек соны ары қарай іске асыру маңызды. Осы ретте өзіндік пікірін білдірген «Өңірлік кеңес» мүшесі Абылан Әсенов:
– Ауыл халқын орнықтырудың басты тетігі отбасылық кәсіпті жандандыру және оның тетіктерін мемлекеттік деңгейде үнемі жетілдіріп отыру. Нарықтық бәсекелестік ортада отбасылық кәсіпкерліктің өнімдері көбейген сайын сапалы бұйымдар көлемі де артады, баға төмендейді, отбасылық кәсіптің табысы молаяды. Ең бастысы, қазақстандық отбасылар жұмыспен қамтылады және елді мекендердегі жұмыссыздық мәселесі оңынан шешіледі, – деді.
Сондықтан болар тұрғындар тарапынан сұрақтардың басым көпшілігі жеңілдетілген несиемен қайтарымсыз гранттың аясында өрбіді. Мәселен, олардың өздері армандаған кәсіп түрін дөңгелетуде кепіл мүліктің болмауы немесе оның төмен бағалануы кедергі жасайды екен. Тіпті ауылшаруашылық өнімдері атап айтқанда ет, сүт, бақша өнімдерін өткізетін жердің болмауы да үлкен мәселе дейді қараша қауым. Кәсіппен айналысқысы келетін зейнеткерлерге несие, гранттың берілмеуі, жаңа жобаларға берілетін грант қаражатының аздығы мен әділ еместігі де жиналған жұрт тарапының ашуын туғызды. Қарапайым ғана мал терісін, жүнін өткізетін, өңдейтін жердің болмауы да шаруалардың айтаайта жауыр болған тақырыбына айналғандай. Соған қарамастан елдің пікірін мұқият тыңдаған сала мамандары аталған мәселелер палата жанынан құрылған түрлі комитеттер мен тиісті орындарға жолданатынын жеткізді.
Ал, аудандық «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков бұл тақырып аясын былайша түсіндірді.
– Ең бастысы, кәсіпкерлікті қолдауда ұтымды бастамаларды тиімді пайдалану керек. Өйткені, шағын және орта бизнес елдің ішкі нарығын реттей алады. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік сала – экономиканың күретамыры. Ендеше, берілетін грант пен несиеден өнім өңдеу мен өндіру ісін ілгерілетіп алайық. Қалғанын уақыт көрсете берер, – деді ол.
Сондай-ақ жастарға жанжақты қолдау көрсету мемлекетіміздің басты міндетінің бірі болса, оларға қолдау көрсету әрқашан жалғасын табатын болады. Осы мақсатта жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетін болады. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді. Сондықтан жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек. Өйткені мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант оңды-солды ақша үлестіру емес. Қайта осы қаржы аясында іске асатын бағдарламалардың түпкі мақсаты жұмыссыздықты жою мен табысты ауылдардың қатарын көбейту. Осы мақсатта қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды саралап, озығын алып, тозығын тастауымыз керек. Қазір осы бағытта жұмыла жұмыс істеген жөн.

Лаура Бибасарова

23 наурыз 2023 ж. 337 0