Қоғамның қауіпсіздігі – елдің тыныштығы
Прокурордың жұмыс кестесі сағатпен емес, минутпен жоспарланған. Өйткені заңдылықты қадағалайтын ең жоғары орган әр бір қылмыстың тергелу заңдылығын қадағалайды. Осындай қарбалас жұмыс барысына қарамастан аудан прокуроры Дабыл Аянұлы ең басты мәселе тұрғындардың қауіпсіздігі екенін алға тартып, бізге сұқбат беруге келісті.
– Дабыл Аянұлы, әуелі қылмыстың алдын алу шаралары бойынша прокуратура жұмысының өткен жылғы нәтижесіне тоқталып өтсеңіз?
– Құқық бұзушылықтың алдын алу прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Осы ретте уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осыған байланысты ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде 2022 жылы аудан көлеміндегі қылмыстылық 2021 жылмен салыстырғанда 25 пайызға азайған. Атап айтқанда, зорлау 2-ден 1-ге төмендеп, тонау 100 пайызға жойылды. Бұзақылық 50 пайызға, есірткі қылмыстары 18 пайызға төмендеген. Ұрлық 48-ден 31-ге, жас балаларды азғындық жолға түсіру мүлдем орын алған жоқ. Ал денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 25 пайыздық көрсеткішті көрсетіп, 4-тен 3-ке азайған. Сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде жүргізілген жұмыс барысында алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар 48, бұрын сотты болғандармен жұмыс 30, кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыс саны 60, топ болып жасалған қылмыс 55, қоғамдық орында жасалған қылмыс саны 6 пайызға төмендеді. Дегенмен осындай атқарылған шараларға қарамастан аудан көлемінде жекелеген қылмыс түрлері де көбейген. Мәселен, алаяқтық 9 пайызға өссе, жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты 2 іс қаралып, өткен жылы 100 пайызға өскендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар негізсіз уақытша ұстау абақтысына қамалған және полиция бөлмелерінде заңсыз ұсталған 6 азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, босатылды. Бұның барлығы халықпен тұрақты жиындар өткізіп, жалпы білім беретін оқу орындарында қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша кездесудің жолға қойылғандығын айқындайды.
– Қазір қылмыстың түрі көп. Оны өзіңіз жоғарыда айтып өткен мәліметтен байқауға болады. Ал алдын алуда қандай іс-шаралар жүргізілуде?
– Қылмыстың аты қашанда қылмыс, өтеуі жаза. Ол ауыр немесе жеңіл деп бөлінгенімен, біз ешқайсысына басымдық бермейміз. Соған қарамастан тұрғындарды қылмыстық белсенділіктің кез келген көрінісінен қорғауға тырысамыз. Әрине бұл заң тұрғысында ғана іске асады. Дегенмен, орын алған қылмысты сандық тұрғыда салыстыратын болсақ, жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың өскендігі алаяқтық ісінде айқын байқалып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда өршіп тұрған алаяқтық, мал ұрлығы, есірткінің заңсыз айналымы қылмыстарының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды қылмыстық құқық бұзушылықтан қорғау мақсатында аудан көшелерінде билбордтар ілініп, жадынамалар тартылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
– Дабыл Аянұлы, соңғы уақытта прокуратураның қызметі мен өкілеттіктеріне қатысты бірқатар өзгерістер енуде. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер өзіңіз басқаратын салада қалай жүзеге асуда?
– Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес полиция, прокуратура және сот өкілеттіктерінің аражігі ажыратылып, қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді. Өзгеріс енген заңдылық аясында Президенттің бастамасымен адам құқығы мен бостандығын қорғауға ерекше мән берілуде. Нәтижесінде бұл заң азаматтардың қылмыстық іс бойынша сергелдеңге салынып, әуре-сарсаңға түсуінің алдын алса, сәйкесінше олардан түсетін арыз-шағымдарды болдырмауға да септігін тигізеді.
– Цифрлық технология дамыған сайын, қылмыс та түрленіп, дами түсуде. Кейінгі кезде интернет-алаяқтардың қармағына өзі барып түсетіндер де көптеп кездесуде. Әттеген-ай деп, сан соғып қалмас үшін берер кеңесіңіз қандай?
– «Сақтықта қорлық жоқ». Алаяқтар қылмыс әлемінің басты элитасына айналды. Олар заңды мықты меңгерген және жалған келісімшарттарға қол қою арқылы өз әрекеттеріне заңды түрде жауап беруге тырысады. Оның үстіне, тұрғындардың сенгіштігін тағы қосыңыз. Өзіңіз айтып отырғандай, алаяқтар өздерінің қылмыстық әрекетін интернет арқылы іске асырады. Яғни, көп жағдайда азаматтар банк карталарын пайдалану қауіпсіздігінің қарапайым негіздерін білмейтіндіктен, алаяқтардың құрбанына айналады. Егер банктен шотқа қатысты қоңырау шалса, бұл алаяқтар болуы мүмкін. Осындай сәтте мұндай арандатуға бой алдырмай, банктердің ресми өкілдерінен ақпаратты нақтылау керек.
– Прокуратура саласында қылмыстық істердің тергеп-тексеруін электронды нысанда жүргізу қаншалықты жолға қойылған?
– Өткен жылы аудандық полиция бөлімімен тіркелген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру әрекеттері 100 пайыз электронды нысанда жүргізілді. Бұл үрдіс барынша ашықтықты қамтамасыз етіп, тергеушінің, прокурордың және соттың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәлелдемелерді бұрмалау, заңсыз шешімдер шығару мүмкіндігін болдырмайды.
– Бұл өмірде кім қателеспейді, кім шалыс баспайды. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, елімізде бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, ең алдымен, пробация қызметінің есебіне алынады. Оларға қандай көмек көрсетілуде?
– Жазасын өтеп келгендердің қайтадан қылмыс жасауға ұмтылу әрекеттерінің алдын алу, қылмысқа итермелейтін себептерге жол бермеу және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандардың қоғамдық өмірге тезірек бейімделіп кетуіне барынша жағдай жасау Жаңақорған ауданында тұрақты жолға қойылған. Осы орайда ауданда пробация есебінде тұрған 62 азаматты санаттарына қарай бөліп, жұмыссыз ретінде тіркелген 17-сін тұрақты жұмысқа орналастыру басты міндет болды. Бөлінген 11 квота толығымен қамтылып, екі рет ұйымдастырылған жәрмеңке аясында жазасын өтеген 3 азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде аудан көлемінде өткен жылы пробация есебінде тұрған сотталғандармен қайта қылмыс жасау деректері тіркелген жоқ. Заң орындары бұл бағыттағы көрсеткішті ұстап тұруда әрі қарай да жұмысын жалғастыратын болады.

– Дабыл Аянұлы, уақыттың тығыздығына қарамастан, аудандағы жағдайды қысқаша сипаттап, тұрғындарға тиісті кеңестер бердіңіз. Мазмұнды әңгімеңізге рахмет!
ТҮЙІН. Әрине бір ғана сұхбатпен аудандағы қылмыстық ахуалды толық айтып шығу мүмкін емес. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігі басты мәселе. Прокурордың да, сұхбаттың да көздегені – осы болатын.
Лаура БИБАСАРОВА

Пікір 5