№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Гүлшара Әбдіқалықованың айту­ынша, облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері – өндірістік өнім көлемі 0,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 14,5 пайызға, жеке инвестиция 11,7 пайызға, сауда 2,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 8,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3 пайызға артқан.
Өңірде индустрияландыру бағдар­ламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған.
Сондай-ақ кездесу барысында об­лыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тау­арлық газдың көтерме бағасы, тасы­малдау тарифінің шығындары мен жер­гілікті газ үлесін арттыру және агро­құрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыс­тарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

akorda.kz
22 ақпан 2022 ж. 286 0