№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік желіде алаяқтар көп

Әлеуметтік желіде алаяқтар көп

Кейінгі уақытта жиі орын алып жатқан қылмыстың түрі интернет алаяқтық болып отыр. Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласу, интернет арқылы заттар мен көліктерді сатып алу кезінде және банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығана көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.


Мәселен алаяқ: Өнім немесе қызмет үшін ақысын алдын ала төлеуді сұрайды. Жасырын сатып алушы ақшаңызды салып жіберем деп алдай отырып, тасымал үшін қызмет ақысын сұрайды. Онлайн арқылы несие алу секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз. Әлеуметтік желілерде әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамалдарды қарағанда сақ болыңыз. Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болу керек. Алдын ала төлем жасамаңыз.
Абонент нөміріңізге келіп түскен СМС кодты үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз. Әлеуметтік желілерде жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Басқа қаладан қосалқы бөлшектер мен тауарларды сатып алғанда достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алған өнімді тексеруді өтініңіз, әбден көз жеткізіңіз. Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз.
Сонымен қатар, ең бастысы ешкімге банк шотыңызды толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз. Осы ескертуді жадыңызда сақтап, жақындарыңызбен де бөлісе жүріңіз. Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалуларыңызды сұранамыз.
11 қараша 2023 ж. 513 0