№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көше жарығына кім жауапты?

Көше жарығына кім жауапты?

Қазір қыс мезгілінде кешкі сағат бестен кейін тас қараңғы болса, таңертеңгі сегізден кейін ғана таң ағарады. Көше бойларына бағаналар қойылған, бірақ жарық жанбаса одан не пайда? Түнгі он екіден кейін көше жарықтары түгел сөндіріледі. Таңертең ол жарық жанбайды. Кеше жылдың соңы, мүмкін қаражаттары түгесіліп қалған шығар деп түсіндік. Ал бүгін жыл басталмай жатып, кенттің іші тастүнек болып тұрғанын қалай түсінеміз?


 Бүгін, үшінші тоқсанның алғашқы күні аудан орталығындағы №169 орта мектеп оқушылары өздеріне арнайылап салынған 600 орындық жаңа мектебіне бет түзеді. Хош. Манап Көкенов, Ақмешіт көшелері, жалпы Шаңқай жақ аталып кеткен аймақтың балалары мектепке теміржолдан стадионға тіке тартатын үлкен жолдың бойымен баруға мәжбүр. Ерсілі-қарсылы зулап жатқан көлік. Тротуар жоқ. Ақ сызық қаралмаған. Оқушының жағдайы қалай болады?

Таңертең өзім осы мектепте оқитын оқушы балаларымды көлігіммен апара жатып жол шетінде бүрсеңдеп кетіп бара жатқан жас өскінді қағып кете жаздыдым. Жол қараңғы. Жаяу адам анық көрінбейді. Мектеп ашылғанымен бірер күнде оқушыға арнайы жол – тротуар салу мүмкін емес. Оқушылар осы қатерлі жолмен барып-келеді деген сөз. Ай, айналайын, ағайынау, ең болмаса көше жарығын таңғы жетіден бастап бір сағатқа жағып қоюға бола ма, болмай ма?

Жағдай бұдан қиын кезде кент жарығы түнгі үште сөніп, таңғы алтыда жарқ ете қалатын. Тіпті сөндірмегенде қайтеді? Көлігіммен Түркістан, Шиелі жаққа жиі жол жүремін. Жол бойы Шорнақ, мына шеті Шиеліде көше жарығы түнгі үш-төрт, бестің кезі болсын жарқырап жанып тұрады. Біздің Жаңақорғанда оған неге мүмкіндік жоқ. Осы мәселеге тиісті орындар не деп жауап берер екен?

Данияр МІНУАРҰЛЫ
10 қаңтар 2023 ж. 217 0