Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол – өркениет өлшемі

Жол – өркениет өлшемі



«Жол азабы – көр азабы». Ескіден қалған есті сөз. Осы ұлағатты ұғынған адам сапалы жолдың мән-маңызын терең біледі. Әсіресе, ауданда көлік саны артқан кезде сапалы жолға сұраныс артты.
Өздеріңіз білетіндей, соңғы үш-төрт жылдың көлемінде газдандыру, сосын ауыз су желісі жүргізіліп, мердігер компаниялар жолды тесіп, кесіп, жарамсыз жағдайға жеткізді. Бір жағынан газ да, су да қажет, екінші жағы, жолдың жағдайын көріп ішіміз удай өртенді. Енді қалай болады екен деп жүргенде, халықтың сөзіне құлақ асқан аудан әкімі Руслан Рүстемұлы жолдарды жөндеуге басымдық берді.
Иә, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауса, қар ерісе ми батпақ болып жататын көшелер көп еді. Мұндай көшелерге аудандық аурухананың солтүстік-батыс бетіндегі Е.Қоңқабаев, С.Сапарбаев, М.Есболғанов, С.Нұрлыбаев, С.Іскендіров, Жібек жолы және т.б көшелерді айтуға болады. Бұл жақта қазір қатынас жеңілдеді.
Бәрінен бұрын кенттің басты көшелері З.Мұсаханов пен Құрманғазы көшесі жаңарып, жаңғыра түсті. Аудан әкімі Руслан Рүстемов Құрманғазы көшесі орташа жөнделе бастаған кезінде арнайы келді. Кездесіп, келелі сұхбат құрдық. «Біз қаржысын қарап, көшенің жөнделуіне мән бердік. Енді сіз қоғам белсендісі ретінде көшенің сапалы жөнделуіне көз қырыңызды сала жүріңіз» деді сонда әкім інім.
Солайша көшенің жөнделуіне мән беріп, Құрманғазы көшесінің асфальттау жұмысын бас-аяғына дейін бақылап, жұмыстың сапалы болуына үлес қостым. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы үлкен сый болды.
Құрманғазы көшесі аудан орталығындағы негізгі көшенің бірі болғандықтан Қызылорда қаласы мен Төменарық аймағындағы 6 ауылдық округтен қатынайтын көліктер осы көшемен жүреді. Міне, осысымен бұл көше маңызды.
Тағы бір қуантарлығы, Құрманғазы мен Хорасан ата көшесін байланыстыратын Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі орташа жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Бұл көшенің бойында №163 мектеп, аудандық емхана, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі, жұмыспен қамту орталығы сынды әлеуметтік нысандар бар. Сондықтан көлік те қатынайды, адамдар да көп жүреді. Бұл – биылға біткен бір келелі іс болды.
Ел болғаннан кейін түрлі пікірлерді естіп, біліп жүреміз. Сондай пікірдің бірі – несіне жол жөндейді, одан да қуаншылық кезінде мал шаруашылығына дем бермей ме дегенге саятын сөздер.
Әрине, елдің дәулеті артуында төрт түліктің тигізер әсері мол. Бірақ жолдар ел дамуының бір көрсеткіші екенін ұмытпайық.
Осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беріп, биыл аудан орталығындағы 21 көшені асфальттауға аудандық бюджеттен қаржы қараған аудан әкімі Руслан Рүстемовке, жұмысты сапалы орындауға күш салған кент әкімі Сардар Садықовқа көше тұрғындары атынан алғыс білдіремін.
Мемлекеттік мұрат, елдік мүдде жолындағы баянды бастамалар халықтың игілігіне айналып, дәулетіміз артып, сәніміз жараса берсін.
Насырқан БАЛТАБАЕВ,
Құрманғазы көшесінің
көше комитеті,
ел ағасы
06 қараша 2021 ж. 340 0