Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саяси Кеңес Бюросы отырысы

Саяси Кеңес Бюросы отырысы

Бүгін аудандық партия филиалында «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рүстемов Руслан Рүстемұлының төрағалығымен аудандық Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Бюро отырысы күн тәртібінде үш мәселе қаралды, атап айтқанда бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесін бекіту туралы, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын және Ережелерін бекіту туралы және «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша барлық БПҰ - ның есеп беру - сайлау жиналыстарын ағымдағы жылдың 19-23 сәуір аралығында өткізу кестесі бекітілді. Екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы Қоғамдық кеңестің құрылудағы мақсаты мен міндеттерін таныстыра келе аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын бекітуге ұсынды. Үшінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының кезекті ХХVI есеп беру - сайлау конференциясын ағымдағы жылдың 28-сәуір күні шақыру ұсынылды.
Қорыта келе аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысындағы күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
16 сәуір 2021 ж. 501 0