Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Берекелі жыл болсын!

Берекелі жыл болсын!


Ескі жыл еніп тарих қойнауына,
Жаңа жыл ел-жұртыммен тойлануда.
Барыс жыл бар қиындық артта қалып,
Адамдар қол жеткізсін арманына.

Бақ қонса басыңа кеп кім ұшырар,
Ертеңінен ел едік қой үміті бар.
Тіршілігін жасаған тыныш күнде,
Біздің ұлт бәрінен де ұлы шығар.

Қоян жыл – еніп келед есігімнен,
Ақ тонын босағаға шешіп ілген.
Әрдайым үйіңізде береке боп,
Естілсін сәби үні бесігіңнен.

Жоғалтпай бүгінгі ұрпақ ақыл-есін,
Дарытқан бойға бабам өсиетін.
Тыныштық болсын тілек елімізде,
Қаңтардың қайталамай қасіретін.

Ар-иба қыз бойында ізгі мұң бар,
Намысын биік қояр біздің ұлдар.
Тұғырда желбіресін көк туымыз,
Туса игі жүрегімнен нұрлы жырлар.

Ұстаған ұлы халық салтын нағыз,
Бүгіннен болашаққа тартылған із.
Жаңарып Қазақстан жаңа дәуір,
Ақ таңдай айшықталар нар тұлғамыз.

Таныса әлем бізді тұлғамыздан,
Ұясын құзғындардың шыңда бұзған.
Қоян жыл – ел іргесі бүтін болып,
Түтінің түзу ұшсын мұржаңыздан.

Ағабек Пернебайұлы, Көктөбе ауылы.
01 қаңтар 2023 ж. 259 0