№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қайырлы таң!


Қайырлы таң!
Ұйқыңды аш, тұр елім!
Дала жайнап өзгертіп тұр реңін.
Азаттықпен арай таңым атқанда,
Қалауымша қуанамын, күлемін.

Қайырлы таң!
Беу қазағым, қалғыма
Жата-жата, ұйқың сенің қанды ма?
Қарап жатсаң қол қусырып ешкім кеп,
Ауқат әкеп салмайды ғой аузыңа.

Қайырлы таң!
Ояныңдар бар әлем,
Ана оянсын бауырындағы баламен.

Қайырлы таң!
Деп тілейін Жердегі,
Жеті миллиард адамдарға шамамен.

Қайырлы таң!
Маужырама, тұр қазақ!
Жалқаулыққа бой алдыру ұлға жат.
Намысыңды қайрап бүгін ендеше,
Іс тындыршы ел білетін бір ғажап.
Аққу көлде таңда тұрып таранар,
Оянады шамы сөнген қалалар.

Намаздарын таңда оқыған қабыл қып,
Адамдардың – алла ісін саралар.
Қайырлы таң!
Асқар таулар, биік шың

Құшағыма бүгін бәрің сиыпсың.
Өзен, көлдер, жасыл-желек ормандар,
Сұлулықтың бәрін бойға жиыпсың.
Ей, қазағым !
Саған айтар тілек бір,
Уақытыңды бос өткізбе жүдеп құр.
Мақсат қойып алдыңызға алдымен,
Жету үшін еңбектеніп білек түр.

Ұйқыңды аш,
Ей қазағым ерінбе!
Той боп қалар сенің бір күн төріңде.
Періштелер көктен жерге түсірген,
Несібеңді ерте оянып теріп же!

Ағабек ПЕРНЕБАЙҰЛЫ,
Көктөбе ауылы
17 қараша 2021 ж. 1 014 0