Қоян жылы қандай жыл
Берекесi мен ырысы мол, қиыны мен шырғалаңы да жетерлiк барыс жылы тарих қойнауына кетіп, Ақ қоян жылы да есік қаққалы тұр. Барыс жылы қазаққа берекесі мен сынағын қоса ала келді. Өткен қыс қаһарын тiккені баршамыздың есімізде. Дей тұрғанымен, қоян жылынан жақсылықтан үміттіміз.
Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, 1867-1868 жылдардағы «жалпақ қоян» жұты, 1879-1880 жылдардағы «үлкен қоян» жұты, 1891-1892 жылдардағы «кіші қоян» жұты, 1915- 1916 жылдардағы «тақыр қоян» жұты болған. Бүкіл қазақ даласында мал қырылып, халық аштықты бастан өткерген. Осылардың ішінде ең ауыр соққаны «Ұлы қоян жұты» болса керек. Онда Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанды бұрын-соңды болмаған жұт жайлап, Оралда – 80 пайыз, Ырғыз бен Торғайда – 59 пайыз, Сырда-рияда 56 пайыз мал қырылған. Осы жұттардың куәгері Майлықожа былай деп жазған екен:
Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,
Қабағы шаруалардың болды салбыр.
Қысты күні болғанда қар тынбады,
Айуанға өлім жетті аштан әрбір.
Қоян жылы заманның тары болды,
Көктен қуған құдайдың қаһары болды,
Төрт аяқты айуан баудай түсіп,
Пір тұтқаны тұтам шөп зары болды...
Сондай-ақ, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы болған 1723 жыл да қоян жылы болатын. 1951 жылы 18 қазанда Семей полигонында уран бомбасы сынақтан өткізілді. Ал 1963 жылдан бастап халықаралық келісім бойынша жарылыстар тек жер астында жүргізіле бастады. 1987 жылдың маусым айында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілді. 2011 жылы да қоян жылы болған еді. Бұл жылы Маңғыстауда жаппай тәртіпсіздік, Ақ¬төбе, Атырау, Таразда, Алматы облысында лаңкестік оқиғалар болып, Оралда үш ауылды су басты.
2011 "Қоян жылы": Ауданымыздағы жаңалықтар
2011 жылы яғни қоян жылы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Б.Қуандықов ауданымызда болып, «Тасбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құралдары Түркиядан арнайы әкелген тас майдалау зауытының ашылу салтанатына қатысқан екен. Тас майдалау зауыты жұмысын бақылау пунктіндегі орналасқан басқару тетігін Өмірзақ Шөкеев іске қосты.
Батыс-Қытай-Батыс Еуропа тас жолын салу жұмыстары да осы жылы басталған екен. Бұл жұмысты жүргізуге жарияланған мемлекеттік тендердің жеңімпазы болып табылған Италияндық «тодини Кострукционы Дженерали А.Қ. ОМА» фирмасы мен турциялық «Синема медиа строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біздің аудан жерінде жұмыс жүргізіп бастаған.
Шалқия кен орны жанынан «Бейкен» тас ұнтақтау зауыты ашылыпты. Зауыттың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Еламанов үдемелі индустриялық-инновациялық даму жоспарына сәйкес 5 құрылыс нысаны жобаға енгіліпті. Атап айтсақ, «СКЗ-U» ЖШС республикалық бюджеттен, ал Тасбұлақ УАД, Неруд және Тату Агро ЖШС-не жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, іске қосылған.
Терекс тас майдалағыш құрылғысы іске қосылып, алғашқы өнімдерін шығара бастапты. Ол сағатына 300 тонна тас өнімдерін шығаруды қолға алыпты.
Жаңа мектеп құрылысы аяқталды. Қожакент ауылының күншығысында асар әдісімен салынған мектеп үйі бұл күнде ешбір заман талабына сәйкес келмейтіні апатты жағдайда екені ескеріліп, басшылық тарапынан қолдау тауып, облыстық құрылыс басқармасы жалпы құны 388211750 теңге тұратын 140 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталған.
Бұрынғы «Алмалық» кеңшарының әкімшілік ғимараты ауыл тұрғындарының өтінішімен «Балауса» балабақшасы болып ашылыпты. Бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілген екен. Екпінді ауылында заманауи үлгідегі үш қабатты 200 оқушыға арналған орта мектептің ғимараты пайдалануға берілді.
Әсел РЗАЕВА