№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Өмірін өнерімен өрнектеген-жас маман"

"Өмірін өнерімен өрнектеген-жас маман"

Өткен аптада Жаңақорған аграрлы - техникалық коллеждж студенттерінің өз мамандығын жан-жақты меңгеріп жатқанын көрсету мақсатында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу"мамандықтарының "Өмірін өнерімен өрнектеген-жас маман" атты апталықтың қорытынды кеші өтті.


Студенттер өз өнерін көрсету мақсатында сайысқа түсті. Яғни Көрмелік сайыс, Қолөнер бұйымдарын жылдам жасап көрсету сайысы, Киімді орамалмен сәндеу сайысы, Мастер класс (өздерінің дайындаған киімдерін қорғау). 23 желтоқсанда студенттер білім бойынша сайысқа түсті. Бұл сайыс бірнеше бөлімді қамтыды.Сонымен "Білгенге маржан" бөлімінде көнерген сөздерді(тігінге қатысты)тауып, олардың не үшін қолданғанын айтса, Сөздің көркі-мақал" бөлімінде мақалдың(қолөнерге қатысты)жалғасын тауып, олардың мағынасын түсіндірді.
"Тапқыр болсаң шешіп көр" бөлімінде (тігінге қатысты) жұмбақтарды шешіп,"Жылдам тап" бөлімінде жасырылған сөздерді қолдарындағы әріптермен көрсетіп, білімдерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсете білді.

Сайыс соңында жинаған ұпайлары бойынша "Болашақ сәнгерлер"29-тобының студенттері 3-орынды, "Алтын тігіншілер "38-топ студенттері 2-орынды иеленіп, "Алтын ине" 24-топ студенттері 1-орынды еншіледі. Қорытынды бөлімінде келген қонақтар арасында 24-топ студенті Тойбекова. П  анасы Тойбекова Алмагүл апай өзінің ризашылығын білдірсе, колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы апталықтың өте жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтіп, оны ұйымдастырған Арнайы пән оқытушысы Г.Карекеева мен өндірістік оқыту шеберлері Г.Садыбаева, А.Абдукаримова,А.Алиевалараға да, сондай-ақ осы апталыққа белсене ат салысқан әрбір студенттерге де алғысын білдірді.


28 желтоқсан 2022 ж. 206 0