№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газдандыру ғаламат жоба

Газдандыру ғаламат жоба

Егемендік алған 31 жыл ішінде ауданның әлеуметтік саласында үлкен серпіліс қалыптасты. Әлеуметтік нысандардан бөлек, ауданның инфрақұрылым жүйесі жаңғырып, жаңа бастамалар жүзеге аса бастады. Соның негізгісі – газдандыру. Бұл да біздің аудан үшін тәуелсіздіктің тағы бір тамаша тартуы. Ғасырдың ғаламат жобасына баланған көгілдір отынның келуі үлкен жетістіктің жарқын жемісі. 2015 жылы газдың алғашқы жылуын жаңақорғандықтар сезінсе, енді міне араға 7 жыл салып, ауылдардағы ағайын игілігін көре бастады.


  Газдандыру жұмысы әлеуметтік тұрмыс-тіршілікті жеңілдетті. Қазір қай үйге бас сұқсаңыз да газ, су, бәрі үйдің ішінде. Бұрынғыдай шелектеп су тасып күйелеш-күйелеш болып көмір жағып жүргендер сирек. Газдандыру жұмысы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан тарту арқылы жүргізді. Жалпы, Жаңақорған кентін газдандыру құрылысына 3 млрд. 48 млн. 465 мың теңге қарастырылды. Кенттегі 5300 үйді газдандыру үшін ұзындығы 283 шақырымға құбыр қазылды. Сондай-ақ, кентішілік екі дана газ тарату пункті мен 27 шкафтік газ тарату пункті орнатылды.

Жаңақорған кентінің тұрғындары газ келгенде сенбеген еді, бірақ кейіннен бөркін аспанға лақтырды. Аудан орталығынан басқа да елді мекендердегі халықтың өмір мен тұрмыс жағдайын, сондай-ақ, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және газдандыру саясатын жүргізу мақсатында жобалар әзірленді. Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың бастамасымен биыл Қыраш пен Бірлік ауылына газ қосылатын болады. Толықтай құрылыс жұмысы аяқталып қалды, бірер күнде ауыл тұрғындары газдың игілігін көреді.

– Әрине, қуаныштымыз. Бұл үлкен жаңалық болды, ауылдар арасынан бірінші болып газ тұтынамыз деп еш ойламаппыз. Бүгінгі өркениет пен ілгерілеу заманы осыны талап етуде. Осы үдерістен шығып, ел игілігі жолында жұмылып жүрген аудан басшысы бастаған азаматтарға алғысымыз шексіз, – деді Батырхан ақсақал.

Жалпы, табиғи газ – ең экологиялық таза отын түрі. Оған тек экономиканың дамуы ғана емес, еліміздің тұрғындарының тұрмыстіршілігі, өмір сүру сапасы, жайлылық деңгейі де тәуелді. Осы тұрғыда газбен жабдықтау желісін кеңейту елеулі әлеуметтік және экономикалық маңызға ие, сондайақ, газдандырылған елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады.

Жаңақорған кентінің тұрғындарының көгілдір отынның игілігін көріп отырғанына жетінші жыл. Енді Ақүйік пен Қыраш ауылдық округінің тұрғындары да отын шауып, көмір түсіріп, күл шығару машақатынан құтылды. Келер жылы бұйырса Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден және Төменарық елді мекеніне газдандыру үшін 3,5 млрд теңге қаржы бөлініп тұр.

– Біз келер жылы Шиеліден Төменарыққа газ құбырын тартамыз. Оның қаржысы қомақты, сондықтан сапалы жұмысты жүйелейміз. Сол арқылы жол бойындағы Екпінді, Еңбек, Сунақата, Сүттіқұдық және Қожамберді ауылдары да газға қосылуға мүмкіндік алады. Содан кейін, Қыркеңсе, Жаңарық, М.Нәлібаев және Өзгент ауылына бет бұрамыз. Айналып келгенде 2-3 жылдың ішінде Төменарық аймағын толықтай, тау беткейі мен Сырдың бойын бойлаған ауылдардың тең жартысын газдандырамыз. Егер мүмкіндік болып жатса, қалған ауылдарға да газ мәселесін шешуге тырысамыз. Ол уақыттың еншісінде, – деді аудан әкімі.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ
22 желтоқсан 2022 ж. 317 0