№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәрбие мен білім егіз

Тәрбие мен білім егіз

Білім бастауы балабақшада. Жаңа заман баласын қалыптастырып дамыту мәселесін ортақ ойлау бағытында өткен облыстық семинар осы тақырыпта өтті.

«Қауіпсіз, жайлы, тиімді заттық–кеңістік дамытушы орта негізінде балаларды ерте жастан дамыту» мәселесі өзекті. Жаңарық ауылындағы, «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасында өткен тәжірибе алмасу семинарына Шиелі, Жаңақорған ауданы балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілер қатысты.

Әдістемелік семинар жұмысын Қызылорда облыстық оқу орталығының орынбасары Г.Дихамбаева «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіне сәйкес ұйымдастырылған ісәрекеттерді ойын арқылы өткізу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізуден бастады. Үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістерге тоқталып, тәрбиешілердің шығармашылығын жетілдіру бойынша кеңес беріп, әдістемелік қолдау көрсетті.

Аймақтық тәжірибе алмасу семинарында балабақша тәрбиешісі Ұлпан Әбенова, Аружан Әлиакбар, «Дидактикалық ойындар» тақырыбында «Балбөбек» кіші тобымен жұмыстарын көрсетсе; Жазира Қалмұрза «Ай мен жұлдыз» тақырыбында «Балауса» ересектер тобымен; өткізілген жұмысын көрерменге ұсынды. Несібелі Арынғазиева «Менің бақытты отбасым» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тренинг ұйымдастырды. «Мамандық түрлері» тақырыбында ерекше білімді қажет ететін балалармен түзете дамыту топтық жұмысын көрсетті.

Бұл Семинардың бір ерекшелігі, балабақша тәрбиешісі Эльвира Құланбаева еңбекке баулу, яғни баланың жас ерекшелігіне сәйкес еңбек әрекетін қалыптастыру, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау мақсатында «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының тұсау кесер рәсімінде еңбек күні презентациясын жасады.

Балабақша тәрбиешісі Аманкүл Есмұрзаева «Балауса» ересектер тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Бидай» тақырыбында дақылды бақылау және зерттеу жұмысын көрсетті. Жобаның мақсаты тәжірибе барысында әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын зерттей отырып, бидай тұқымын отырғызып, қалай өсетінін бақылау арқылы балалардың ойөрісін кеңейтуді көздеді.. Музыка жетекшісі Зарема Сайдажиева «балалардың бал мекені – Балабақша» тақырыбында музыкалық бағдарлама дайындады.

Аймақтық тәжірибе алмасу семинарын Гүлнар Батырбекқызы қорытындылап, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап айтты. Келген қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Шығармашылықпен жұмыс көрсеткен балабақша педагогтары оқу орталығының сертификатымен марапатталды.

Балабақшаны бұл құрал-жабдық кешенімен қамтамасыз етуде ТОО «Байкен-U» ЖШС, ТОО «ҚЫЗЫЛҚҰМ» ЖШСмекемелерінің көмек қолын созып, демеушілік жасағанын білдік. Бізді қызықтырғаны балабақшаның заттықкеңістіктік дамытушы ортасы қазіргі заман талабына сай, заманауи ойыншықтар мен «Сенсорный стол Logo43» сынды интербелсенді стол мен жабдықталыпты.

Әсел Серікқызы
21 наурыз 2023 ж. 418 0