Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сығанақ сынағы

Сығанақ сынағы

Сунақата ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және ҚР халық қаһарманы, КСРО халық әртісі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына орай 2022 жыл 6 желтоқсан күні Жаңақорған және Шиелі аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қолдауымен екі ауданның өнерпаздары арасында "Сығанақ сынағы" атты ауданаралық өнер сайысы болып өтті.


Аталған шараны Сунақата ауыл округінің әкімі Ақылмұрат Жұмадуллаев ашып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың эстрада жанры бойынша Жаңақорған ауданынан қатысқан Айсауле Қиас пен қарсыласы Шиелі ауданының әншісі Еркін Тоқмырза екеуі тең түсті.

Ал, дәстүрлі ән орындау жанры бойынша Жаңақорғандық Әсем Ерболқызы мен қарсыласы Шиелілік Мұхамедәлі Бекпейісов екеуі тең түсті.
Сайыстың сәнін келтіріп, ерекше жанр саксафон аспабында ойнау бойынша Жаңақорғандық Айдарбек Молдабек пен Шиелілік Қуаныш Нәсіпбек тең түсіп, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды! Екі аудан өнерпаздары жақсы дайындықпен келіп, қазылар алқасы шешімі бойынша екі ауданның сайысқа қатысушылары тең дәрежеде өнер көрсетті.

Үшінші рет өтіп жатқан мәдени шараға демеушілік еткен Сунақата ауылдық клубының директоры Тұрсынбек Қалымбетов.
13 желтоқсан 2022 ж. 473 0