№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарыңызға сырлас бола білгейсіз

Жарыңызға сырлас бола білгейсіз


Ерлі-зайыптылардың арасында ара-тұра реніш, ұрыс-керіс болып тұратыны бар. Кейде ұрыс-керіс жиілеп, реніш ұзаққа созылып кетсе, ер-азамат үйден кетуге мәжбүр болып жатады. Ал оның соңы ажырасуға ұласып кетпес үшін әйел не істеуі керек?

Ең алдымен мұндайда әйелге қажетті қасиеттерге тоқталып өтейік. Олар: төзімділік, байсалдылық, мәмілеге келе білу, өзіңді кінәлап қарап отырмай жылдам әрекетке көшу, ашық болу, кешіре білу, өзіңді және үйреншікті әдеттеріңді өзгертуге дайын болу.
Содан соң сабырға келіңіз. Ойыңызды жинақтап, мұндай жағдайда не істеуге болатынын ойластырыңыз. Сарыуайымға салынбаңыз. Күйеуіңіздің орнын басатын өзге адам іздеп әуреге түспеңіз. Ең бастысы, қателікке бой алдырмаңыз.
Араларыңыздағы жағдай одан әрмен шиеленісіп кетпей тұрғанда оны әңгімеге шақырыңыз. Телефон арқылы емес, жүзбе-жүз отырып әңгімелескендеріңіз дұрыс. Оның үйден не үшін кетіп қалғанын анықтаңыз. Ол үшін оның сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз, әңгімесін тыңдаңыз. Адам өзін мазалаған жайды айтқан кезде оған ол мәселе бұрынғысынан жеңіл болып көрінетіні есіңізде болсын.
Егер күйеуіңіз неден қорқатынын, сіздің бойыңыздағы қандай қасиет ұнамайтынын, тағы сол сияқты мәселелерді ашық айтатын болса, оған шамданбаңыз. Керісінше, өзіңізді өзгертуге тырысыңыз. Егер қажет болып жатса, арықтаңыз, шаш үлгісін өзгертіңіз. Осылай жасау арқылы сіз үшін оның пікірі қаншалықты маңызды екенін дәлелдейтін боласыз.
Еркек үйде өзін көшбасшы сезінуі керек. Сондықтан оған тым көп ақыл айтып немесе еркелетіп, бар жағдайын жасап, анасындай қамқор болып кетпеңіз. Тағы бір ескерте кетерлік жайт, ұсақ-түйек кемшіліктері болса, оны бетіне басып айтып, әжуаламаңыз.
Күйеуіңіздің досы, сырласы болыңыз. Бұрын оның әңгімесін жүре тыңдайтын болсаңыз, енді зейін қойып тыңдауды үйреніңіз. Сіздің жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқаныңызды ол білетін болсын.
Егер күйеуіңізге деген сүйіспеншілігіңіз әлі сөнбеген болса, оның үйге оралуын қалайтын болсаңыз, отбасын сақтап қлу үшін қолыңыздан келгенін бәрін жасаңыз. Оны жақсы көріңіз, қателіктерін кешіріңіз. Сонда отбасыңыздың іргесі берік болмақ.
Дереккөз: Zamana.kz
11 мамыр 2018 ж. 1 309 0