№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады

Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады

Қағазбастылық, уақыт жоғалту, кезек күту және т.б мәселелер халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіні ақиқат. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Сингапур, Финляндия, Оңтүстік Корея сынды әлемнің озық халыққа сапалы қызмет етуде цифрлық технологияны жолға қойды. Озық отыздыққа ұмтылған елімізде де цифрландыру барлық салада жүзеге асуда. Соның бірі – мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасының «Әлеуметтік қызметтер көрсету Порталы» арқылы орындалуда. Бұл мақалада осының игілігін жан-жақты түсіндіруге мән береміз.2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер көрсету Порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге аса бастады.
Портал не үшін қажет? Бұл сұраққа аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары Серікбек Өмірбек былай жауап берді:
«Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралының сапасын жақсарту үшін енгізілді. Электронның қызметтің артықшылығы көп. Біріншіден, техникалық бейімдеу құрылғысын жеткізушілердің арасында еркін бәсекелестік пайда болады. Екіншіден, мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуына байланысты күту уақыты азаяды. Үшіншіден, жемқорлық тәуекелдері азаяды».
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік қызметкерлері, жеке көмекшілердің қатысуымен түсіндірме-насихат және электронды цифрлық қолтаңба алу жұмысы жүргізілді.
Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедектігі бар тұлғаның өнім берушімен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Портал әлеуметтік қызметкерлердің, өнім жеткізушілердің және арнаулы әлеуметтік қызмет орталықтардың бірыңғай тізімі қалыптастырылатын бірыңғай сандық алаң болады.
Портал бес процесс бойынша әлеуметтік қызметтерді цифрландыруды көздейді.
Біріншісі, арнайы әлеуметтік қызметті көрсетеді.
Екіншісі, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді.
Үшіншісі, ым-ишара мамандарының қызметін алады.
Төртіншісі, жеке көмекшінің қызметі қол жетімді.
Бесіншісі, санаториялық-курорттық емдеу қызметін ала алады.
Бірінші кезеңде бес бизнес-процестің екеуі цифрландырылды. Яғни арнаулы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді қажет етпейтін техникалық оңалту құралдарының жартысы.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында порталды енгізудің екінші кезеңі жүзеге асырылып, техникалық оңалту құралдарының қалған түрлері, жеке көмекшінің қызметі, санаториялық-курорттық емдеу және ымдау тілі мамандарының қызметі цифрландырылды. Барлық қызметті порталға толығымен ауыстыру 2021 жылы аяқталады. Оған дейін бейімдеу қызметтері мен тауарлары альтернативті негізде – портал және мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілді.
Порталдың іске қосылуымен техникалық оңалту құралдарын ұсыну бизнес-процестері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін тағайындау сегіз айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады.
2021 жылы аудан тұрғындары цирфлық технологияның игілігін көрді. Мәселен, санаторлы-курорттық қызметті 197 адам алды. Сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмектің 346 түрін, жүріп-тұру құралдарын (кресло-коляска) 93 адам, сурдо, тифлоқұралдардың 155 түрін, гигиеналық құралдарды 350 адам, жеке көмекші қызметін-188 адам, ымдау тілі маманының қызметін 18 мүгедек әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек алды.
Бұл қызметтің игілігін көргеннің бірі Сәлима Әбдірахманова. І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан өзінің еміне қажетті санаторияға электронды тапсырыс берді. Нәтижесінде Сәлима апай өзіне қажетті ем-домды «Жаңақорған Шипажайы» АҚ қабылдады.
Яғни цифрландыру қызметтік сапасын арттырады десек, мұның игілігін көріп жатқан жерлестеріміз аз емес.
08 желтоқсан 2022 ж. 212 0