Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңашыл жүйенің озық тұсы

Жаңашыл жүйенің озық тұсы

  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі - ТОҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.

  Мүгедектерді оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифло­техникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ мүгедектер арбалары жатады. Арнайы әлеуметтік қызметтер жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлардың қызметтерін қам­тиды.
  Бүгінгі күні TОҚ және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу арқы­лы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі.
Порталдың енгізілуі оңалту қызмет­теріне қажеттілікті айқындайды. Ең бастысы, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының қызмет алушы­лардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, себебі мүгедектер қажетті құралдар мен қызмет түрлерін өздері таңдай алады.
Порталды енгізу нәтижесінде TОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процестерінің мерзімі 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың ұсыныстарына сәйкес техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің белгіленген бағаларын өтеу механизмі қарастырылған. Бұл анағұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау барысында порталда қосымша төлем жасау функциясы қолжетімді бола­тындығын білдіреді.
Сонымен қатар, сертификаттары бар мамандар кеңінен қол жетімді болады, ал медициналық әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі - МӘМ) бірыңғай тізілімінде барлық медициналық әлеуметтік меке­мелердің жабдықталуы мен жүктелуі ескеріледі.
Порталдың іске қосылуы оңалту құрал­дары мен қызметтері, үйден «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алу, сонымен қатар, жеке қажеттіліктерді есепке алу, өнім берушілер мен қызмет көрсетушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырады және оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруда әлеуетті өнім берушілердің қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудың Ұлттық жос­пары аясында қарастырылғанын еске саламыз.
Бүгінгі таңда «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірың­ғай деректер қоры», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйе­сі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпа­раттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

«Әлеуметтік қызметтер порталы»
10 қараша 2019 ж. 1 162 0