№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады

Цифрландыру: қызмет сапасын арттырады


Қағазбастылық, уақыт жоғалту, кезек күту және т.б мәселелер халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіні ақиқат. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Сингапур, Финляндия, Оңтүстік Корея сынды әлемнің озық елдері халыққа сапалы қызмет етуде цифрлық технологияны жолға қойды. Озық отыздыққа ұмтылған елімізде де цифрландыру барлық салада жүзеге асуда. Соның бірі – мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасының «Әлеуметтік қызметтер көрсету Порталы» арқылы орындалуда. Бұл мақалада осының игілігін жан-жақты түсіндіруге мән береміз.


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүге­дектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер көрсету Порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге аса бастады.
Портал не үшін қажет? Бұл сұраққа аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары Серікбек Өмірбек былай жауап берді:
«Портал мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тардың ыңғайлылығы мен ұсы­нылатын қызметтердің және техни­калық оңалту құралының сапасын жақсарту үшін енгізілді. Электрондық қызметтің артықшылығы көп. Бірін­шіден, техникалық бейімдеу құрыл­ғысын жеткізушілердің арасында ер­кін бәсекелестік пайда болады. Екін­шіден, мемлекеттік қызметтердің авто­маттандырылуына байланысты күту уақыты азаяды. Үшіншіден, жемқорлық тәуекелдері азаяды».
Осыған байланысты аудан тұр­ғындары мен ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік қызметкерлері, жеке көмек­шілердің қатысуымен түсіндірме-насихат және электронды цифрлық қолтаңба алу жұмысы жүргізілді.
Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедектігі бар тұлғаның өнім берушімен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Портал әлеуметтік қызметкерлердің, өнім жеткізушілердің және арнаулы әлеуметтік қызмет орталықтардың бірыңғай тізімі қалып­тастырылатын бірыңғай сандық алаң болады.
Портал бес процесс бойынша әлеу­меттік қызметтерді цифрландыруды көздейді. Біріншісі, арнайы әлеуметтік қызметті көрсетеді. Екіншісі, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді. Үшіншісі, ым-ишара мамандарының қыз­метін алады. Төртіншісі, жеке кө­мекшінің қызметі қолжетімді. Бесіншісі, санаториялық-курорттық емдеу қызметін ала алады.
Бірінші кезеңде бес бизнес-процестің екеуі цифрландырылды. Яғни арнаулы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді қажет етпейтін техникалық оңалту құралдарының жартысы.
2020 жылдың бірінші жартыжыл­дығында порталды енгізудің екінші кезеңі жүзеге асырылып, техникалық оңалту құралдарының қалған түр­лері, жеке көмекшінің қызметі, сана­ториялық-курорттық емдеу және ым­дау тілі мамандарының қызметі ци­фр­ландырылды. Барлық қызметті пор­талға толығымен ауыстыру 2021 жылы аяқталады. Оған дейін бейімдеу қызметтері мен тауарлары альтернативті негізде – портал және мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілді.
Порталдың іске қосылуымен техни­калық оңалту құралдарын ұсыну бизнес-процестері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін тағайындау сегіз айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады.
2021 жылы аудан тұрғындары цирфлық технологияның игілігін көрді. Мәселен, санаторлы-курорттық қызметті 197 адам алды. Сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмектің 346 түрін, жүріп-тұру құралдарын (кресло-коляска) 93 адам, сурдо, тифлоқұралдардың 155 түрін, гигиеналық құралдарды 350 адам, жеке көмекші қызметін-188 адам, ымдау тілі маманының қызметін 18 мүгедек әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек алды.
Бұл қызметтің игілігін көргеннің бірі – Сәлима Әбдірахманова. І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан өзінің еміне қажетті санаторияға электронды тап­сырыс берді. Нәтижесінде Сәлима апай өзіне қажетті ем-домды «Жаңақорған шипажайы» АҚ-да қабылдады.
Яғни цифрландыру қызметтік сапа­сын арттырады десек, мұның игілігін көріп жатқан жерлестеріміз аз емес.

Сәуле ТУМЫРЗАЕВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімінің бас маманы


21 желтоқсан 2021 ж. 454 0