Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 7125 тұрғын оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді

7125 тұрғын оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді


Жыл басынан бері облыста 7125 мүгедектігі бар тұрғын техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева мәлімдеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау мақсатында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылдан бастап қызмет алушылар мен жеткізушілердің өзара байланыстыратын әлеуметтік қызметтер порталы қолданысқа енгізілді.
- Порталдың ерекшелігі - мемлекеттік сатып алу процесі қолданылмай, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мемлекеттің кепілдендірілген сомасы шегінде жүргізіледі. Жаңа жүйеге аймақ бойынша 2470 өнім берушісі тіркелген. Жыл басынан бері 7125 мүгедектігі бар тұрғын техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді, - деді Айгүл Ибраева.
10 мамыр 2021 ж. 416 0