№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қолөнер - ұлттық құндылығымыз

Қолөнер - ұлттық құндылығымыз


Қолөнершілердің жоғарыда айтқан Пахриддин ағамыз бастаған көшін шәкірті Мұрат шебер жалғап келеді. Оның да қолынан шыққан әрбір мүсіні сұранысқа ие. Иә, ата-дәстүрді жалғастырып, қолөнер шеберлігімен елдің назарына іліккен жандар жетіп артылады. Оның ішінде ісмерлік өнер де жатады. Қолөнерді қастерлеп, қос өнерді құрықтап, қылқалам мен киізге жан бітірген Ұлмекен Мауытованы ерекше атауға болады. Оның қолынан шыққан туындылары нарық былай тұрсын, Елорда төріндегі көрмелерде көрініс тапқан.

– Әр туынды мен үшін өз баламдай ыстық. Өйткені, жұдырықтай жүрегіңннен шыққан әрбір дүниеге жан бітіріп тұрғаннан асқан шеберлік жоқ. Сондықтан бөліп жаратын туындым жоқ, әрқайсысының өзіндік тарихы, өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, келініме арнап салған суретім – «Ақ жаулық» мен үшін ең сәтті шыққан секілді. Мен әже атансам да, өз немерелерімнің қасында көп бола бермесім анық. Алыс-жақын елдерге шеберлік сыныптар өткізуге айлап кетіп жатамын. Сол себепті, келінім өзі немерелерімді бағып, күндіз-түні бесік таянып, тәтті ұйқысын төрт бөліп жүр. Осы көріністі мен өз шығармашылығыма қостым, – деді Ұлмекен апа.

Шығармашылыққа ден қойған Ұлмекен Мауытова қазір Әлшекей атындағы өнер мектебінде бейнелеу өнерінен сабақ береді. Мұндағы балалар да апайының көрмесіне ең үздік шығармасын алып келіпті. Алғашқы туындыларының өзі шебер ұстаздың ізін жалғайтын ұрпақтың өсіп келе жатқанын аңғартады. Міне, бір ғана шығармашыл жанның шеберханасы. Одан бөлек, тігіншілікті меңгеріп, үй тұрмысына қажетті тауар өндіруді де үйренгендер көп. Аяқ киім өндірісі де осы кәсіптің біріне айналды.
07 наурыз 2023 ж. 429 0