№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ұлттық қолөнер– құнды қазына

Ұлттық қолөнер– құнды қазына

  Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басымдықтарды насихаттау мақсатында «Жас ұлан» жастар ұйымының ұйытқы болуымен №163 мектепте «Ата мұрам – асыл қазынам» атты оқушылар арасында қолөнершілер фестивалі өтті.

  Жастарды отаншылдық, елшілдік қасиетке баулуды мұрат еткен көрмеде қолдан жасалынған табиғи материалдар мен ұлы даланың қасиетін әрлеген суреттер, киіз үйдің ішкі және сыртқы көрінісі және т. б. өрнектер көрініс тапты. Сондай-ақ, талғам мен таным үйлесім тапқан көрмеде ұлттық киім және ою-өрнектердің түрі мен нышандары оқушыларға түсіндіріліп, зергерлік бұйымдар, керамика, былғары, тоқымадан жасалған бұйымдар, көп­шілік назарына ұсынылды.
32 мектептен жиналған туынды­ларды көпшілік назарына ұсынудағы басты мақсат – қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас қолөнершілерді анық­тау.
Шарада сөз бастаған аудандық өнер мектебінің директоры Қалдыбек Қошқарбаев ұлттық қолөнер шеберлері фестиваль-байқауының мән-маңызына тоқталып:
– Расында, жаһандану дәуірінде ұлт­тық өнерге жастардың қызығушы­лығын арттырудың маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», одан кейінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары, оқушыларды шығар­машыл тұлға етіп тәрбиелеуге бас­тайды. «Ата мұрам – асыл қазынам» атты тарихи тақырыпта аудан көле­мінде шығармашылық көрменің ұйым­дастырылуы ел тарихын жақсырақ біліп, жарқын болашаққа қадам басатын шара, – деді.
Одан әрі аудандық білім қызмет­керлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов: – Қолөнер – өлмес өнер, сонымен бірге, өзге ұлттардан ерекшелігімізді айғақтайтын құндылық. Осы себепті, фестивальдың маңызы ерекше, – деді.
Жас қолөнершілердің көрмесін тама­шалаған қазылар алқасының мүше­­лері кілем тоқу, киіз басу, ағаш өң­деу, мүсіндеу сынды оқушылардың дайындаған шеберлік сағаттарын көріп, бағалады.
Шара соңында аудандық тәрбие орталығының директоры Әлімжан Ержанов сөз алып, көрмені ұйым­дастырып отырған «Жас ұлан» ұйымы­ның атқарушы хатшысы Мархабат Утебековаға және аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетоваға алғысын айтып, жас­тардың ұлттық таным-түсінігін терең­детіп, рухани жаңғыртатын шара­ның дәстүрге айналуына тілектестік білдірді. Шараның соңы мектеп оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Лаура БИБАСАРОВА.
04 мамыр 2019 ж. 1 837 0