№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өзгент өзгерді ме?

Өзгент өзгерді ме?

Бұл жолы Өзгенттің әлеуметтік деңгейінің өзгеруін сөз етпекпіз. Яғни ауылдағы әлеуметтік мәселелер қалай шешімін тауып жатыр, елді толғандыратын қандай мәселелер бар?
Бұл жолғы есеп беруде «біз жасаймыз, жасап жатырмыз» деген жалаң сөзді жиыстырып, нақты атқарылған жұмыстарға тоқталуды талап еткен Сұлтан Ысқақұлы өзгенттіктердің басты мәселесін айтпай-ақ түсінді. Ауылдағы ең басты мәселе ескірген клуб үйін жаңадан салу тұрғындар арманына айналды. Шынында ауылдық клуб үй ескірген, ішкі құрылысы сын көтермейді. Бұл жөнінде аудан басшысы жиын барысында нақты атқарылар істі жеткізді.
Аграрлы саланың өркендеуі бүгінде ел экономикасының негізгі даму көрсеткіші. Сондықтан Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласына басымдық беруде. Бұл тұрғыда Сыр өңірі егін және мал шаруашылығын дамытуда өзіндік үлес қосуда. Өзгент ауылдық округі 2019 жылы осы салада тындырымды тірліктер атқарды. Ауыл әкімі Жанұзақ Мырзабаевтың баяндамасынан осы аңғардық. Бұл ауыл басқа елді мекендерден дәрежесі жоғары деуге болады. Себебі, ауылда ішімдік мүлдем сатылмайды, екіншіден ауылдағы түнгі жарық толық шешімін тапқан. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ауылға дәрігерлік-амбулатория салынып, пайдалануға  берілді.
Есеп беру барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелер көп болмады. 2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ауылдық клуб үйін салуға жобалық сметалық құжаттары жасалынып,мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Одан бөлек ауылдағы №245 мектептің құрылысы биыл басталады деп өзгенттіктерді аудан әкімі қуантты. Тағы бір жаңалық, ауыл маңындағы лагерь биыл оқушылар мен ардагерлерге қызмет жасайтын болады.  Яғни, балалар мен зейнеткерлер жаз бойы сонда дем алатын болады. Ал есеп беруде көтерліген қалған мәселелер ауылдық деңгейде шешілетінін сөз еткен аудан әкімі Сұлтан Мақашов бір ай ішінде осы жұмыстар жөнінде жауабы берілетінін жеткізді. Жарықтандыру мәселесін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында мүмкіндігінше шешуге жұмыс жасайтынын айтты.
Әлібек Жарықбаев
19 қаңтар 2020 ж. 932 0