» » Төменарық тұрғындарының тілеуі

Төменарық тұрғындарының тілеуі

Төменарық ауылы аудандағы халық саны жөнінен көші ілгері ауданның бірі. Дегенмен, ауылдағы тіршіліктің бастауы мал шаруасы. Келер жылы бұл ауылда қос той орын алады. Бірінші, қаншама жылдан бері күткен аурухана құрылысы басталғалы тұр. Негізі бұл құрылыстың іргетасы 2024 жылдың бюджетіне ысырылған, алайда, келер жылға қосылды. Сондықтан, алдағы жылы Төменарық аймағы күткен аурухана құрылысы басталады, – деді М.Тілеуімбетов.
Екінші сүйіншілейтін жағдай көгілдір отынның келуі. 2023 жылдың соңына дейін төменарықтық ағайын газға қосылатын болады. Биылғы қысты еңсеріп шықса, келер жылы пеш жағудан құтылатын болады.
– Жаңақорғанда газ мәселесін шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Келер жылы бұйырса Төменарықпен қатар, Жайылма, Шалқия, Құттықожа және Кейден ауылына газ құбырын тарту бойынша жұмыс басталады. 2024 жылы Төменарық зонасындағы ауылдар мен дарияның арғы бетіндегі 5 ауылға газ тарту құрылысы басталады, – деді аудан әкімі.
Соңғы мәселе, ауылдың үстінен өтетін «Семей-Қызылорда» пойызының ауыл бекетіне аялдауы. Бұл да әкімнің назарында. Бір қынжылтатыны, ауылдағы ағайын басқа пойыздың тоқтауына қарсы секілді, тек осы пойыз керек деп құлшынып тұр.
29 қараша 2022 ж. 1 172 0