» » Сүттіқұдықта аяқ су мәселе

Сүттіқұдықта аяқ су мәселе


     Аудан әкімінің болжамы бойынша 2024 жылы бұл ауыл да газға толық қосылып, ел игілігін көретін болады. Бұл да ауылдың несібесі, елдің тілеуі орындалатын күн алыс емес. Тек сәл сабыр етіп, екі қысты артқа тастау ғана қалды.
     Жалпы айта кететіні, бұл ауылдарға аяқ су мәселесі маңызды. Мұның да шаруасы жақын арада ширайды. Аудан әкімі арнайы бағаналар қойып, канал жайын ретке келтіруді көздеп отыр. Сүттіқұдық тұрғындары көшелердің жарығы мен асфальт және электр желілерінің нашарлығына шағымдануда.
     – Әр ауылдың әкімі жаңашыл, ізденімпаз болуы тиіс. Қазіргі қоғамда бұғып қалуға болмайды. Ауылға керекті жоба болса, оның заңдылығы мен тиімділігін сараптап, қолдауға дайынбыз. Сондықтан, бар мәселені ауданға ысырып тастамай, ауыл әкімі де жұмыс жасау керек. Белсенді болыңыздар, мен кез келген бастаманы қолдауға дайынмын. Бұйырса, келер жылы әр ауыл келбетінің гүлденуіне қомақты қаржы беріледі, соны тиімді пайдаланып, ауыл келбетін ажарландырып қоюға атсалысу керек, – деп межені айқындады.
     Ауылдағы негізгі тіршілік мал шаруасы, егер аяқ су мәселесі оң шешімін тапса, егінге де толық бет бұруға диқандар дайын.

29 қараша 2022 ж. 220 0