№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәрбиелі бала - бақытты болашақ

Тәрбиелі бала - бақытты болашақ


Бала дамуы, оның саналы білім алуы балабақша табалдырығынан бастау алатыны хақ. Сондықтан да арнайы тәрбиешілерге қойылатын талаптарымыз да жоқ емес.

Ең алдымен тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Білік пен іскерлік – дағдыны менгеруі, баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі, өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де ойын жеткізіп, түсіндіре алуы басты талабымыз. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі жас жеткіншекке өнеге. Мектепке дейінгі ұйым барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы екені баршаға мәлім. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – келешек ұрпағымыз, көз-қуанышымыз.

Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту педагогтардың басты мақсаттарымыз болып саналады. Еліміздің болашақтары әр бүлдіршіннің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс жасаудамыз. Болашақта балалар тәрбиелі, білімді болып, ата-аналары мен тәрбиешілерінің үмітін ақтағанын қалаймыз. Қауіпсіз ортада жетіліп, ешқандай зорлық зомбылық көрмесе екен. Келеңсіз жағдай болдырмау үшін бар күшімізді саламыз. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, арожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең,бала жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Одан кейін әрине балабақша ұстаздары әр баланың қимылқозғалысына, жүріс-тұрысына бей-жәй қарамай жарқын болашағымыздың келешегін кемелдендіретін, ұлттың ұландарына сапалы білім нәрін сусындатуы міндетті.
16 наурыз 2023 ж. 351 0