Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дені саудың жаны сау

Дені саудың жаны сау



Иә, күн сайын заманның ағымымен сан түрлi жаңа технологиялар шығып жатыр. Бiздiң бұл жерде байланыс құрал­да­рына деген ешбiр қарсылы­ғы­мыз жоқ. Оның барлығын зиян немесе қолданбаңыздар деп те айта алмаймыз. Тек, әрбiр заттың пайдасы мен зиянды тұстарын саралап, өз қажеттiлiктерiңiзге жаратсаңыздар деген тiлек қана бiздiкi. Айталық, осы құлаққаптың қаншалықты зияндылығы жөнiнде бiр сәтке ойланып көрдiңiз бе?! Жаппай құлаққап тағатын адамдардың есту қабiлетi күрт нашарлап кетуi денсаулық сақтау мамандарын алаңдатып отырған мәселе. Өйткенi, бүгiнде адамдардың жетпiс пайызы тәулiктiң жартысының көбiн құлаққаппен өткiзетiнi жайында жиi айтылып жүр. Сонда 24 сағаттың басым бөлiгiнде құлақты осылай тығындап жүретiн болса, ертеңгi күнi кiм-кiмдi болмасын тығырыққа тiрерi даусыз. Әлем ғалымдары да бұл сөзiмiздi дәлелдеп бағуда. Айталық, АҚШ отоларингологi, Бостондағы «Brigham and Women» емханасының дәрiгерi Джозеф Шаргородскидiң айтуынша, елдегi әрбiр бесiншi жасөспiрiм осы ауруға шалдыққанын алға тартады. Бұл дегенiмiз – 6,5 миллион балғынның болашағы бұлыңғыр деген сөз. Ғалымдар екi рет тәжiрибе жүргiзген. Алғашқысы қалта плеерлер шыққанға дейiн 1988-1994 жылдары жасалынса, кейiнгiсi 2008-2013 жылдары өткiзiлген. Нәтижесi адам таңғаларлық. «Жеткiншектер арасында есту қабiлетiнiң төмендеуi 30 пайызға, ал орта және ауыр деңгейдегi құлақ аурулары 50 пайызға артқан. Қыздарға қарағанда, ұлдардың есту қабiлетiнен айырылу қаупi басымырақ», – дейдi Батыс Онта-рио университетiнiң профессоры Маргарет Чизман. Ал, дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiне сүйенсек, әлемде 1,1 миллиард жас азамат уақытының көп бөлiгiн құлаққаппен ән тыңдап өткiзедi екен. Сол себептен, жер бетiндегi 12-35 жас аралығындағы адамдардың басым бөлiгiнiң есту қабiлетiнде ақауы бар. Қазiрдiң өзiнде осы жас аралығындағы 43 миллион адам саңырау дейдi мамандар. Олардың 40 пайызы түнгi клубтарда уақытын өткiзiп, құлаққапты серiк еткендер. Бұл бұл ма, ең сорақысы құлақты тарс жауып, әуенге елiткендерi соншалық, жақындап келген көлiктi де байқамай қалып, орны толмас қайғылы жағдайларға да тап болып жатқандары аз емес. Әсiресе, те­мiр­жол бойынан ажал құш­қандардың саны күннен-күнге артып барады. Дегенмен жол полицейлерi де, дәрiгерлер де көбiне адам өлiмiнiң көбеюiне қомақты үлес қосып жатқан құлаққап екенiне алаң­даушылық бiлдiре бастады. Ресейде осы жаңа технологияның «жемiсi» – құлақ­қап қоғамның назарын ау­да­рып, зерттеу жүргiзуге сеп болды. Ресей аума­ғында 2000 жылдан берi есептегенде адам өлiмi төрт есеге көбейген. 2006 жы­лы 16 адам қаза тапса, 2008 жылы – 26, өт­кен жылы 47 адам осы құлаққаптың «ар­қасында» арғы дүниеге аттанған. Бiздiң елiмiзде де құлаққап өмiрге қауiп төндiрiп отырғаны жасырын емес. Құлаққа әуендi барынша қатты қойып, қоршаған ортадан ада жүретiн адам қауiпсiздiкке мән бермейдi екен. Мысалы, жыл басынан берi Өскемен қаласында дәл осындай жағдайда отыздан астам адам жол апатына себепшi болған. Қаланың қақ ортасындағы қауiптi темiржол өткелi баяғыдан жаяу жүргiншi жүретiн тротуарға айналып кеткен. Ары-берi ағылған адамдар, үлкен-кiшiсiне қарамай, қауiпсiздiкке мән берместен, тұрақтағы пойыздың астынан өтудi әдетке айналдырған. Ал, жуырда ғана Оңтүстiк Қазақстан облысында үш күннiң iшiн­де пойыздың ас­тына түсiп үш адам қайтыс болды. Оларды бiреу отарбаның асты­на итерiп жiберген жоқ. Өздерi сол құлаққапты киiп алып, пойыздың ышқырған дауысын естiмеген. Темiржол вокзалының маңында 17 жасар өрiмдей студент қызды жүк пойызы қағып кеткен болатын. Араға бiр күн салып «Бадам қалаш» өткелiнде 29 жастағы азамат пойыздың астына түсiп мерт болды. «Қызылсай Манкент» өтке­лiн­де тағы бiр адам бақилық болды. Тағы да «кiнәлi» – пойыз, дұрысы құлаққап деуге болады. Мiне, осылай құлақты бiтеген түймедей зат бүгiн­де ажалға апарар төте жолға айнал­ды. Осы орайда, көпшiлiгiңiздiң көкейiңiзде осы құлаққапты кiм ойлап тапты екен деген сұрақтың туындары сөзсiз. Олай болса, тарихқа көз жүгiртсек, құлаққапты әуелi ауру адамдарға көмек қолын созу ниетiнен туындаған екен. Құлаққаптың тарихы тереңде көрiнедi. Оны 1861 жылы Филипп Рейс ойлап тапқан екен. Құлаққапты алғашқында микротелефон ретiнде пайдаланыпты. Дами келе ол айналасындағыларға кедергi келтiрмес үшiн қолданылған екен. Музыка тыңдайсыз ба, кино көресiз бе немесе сүйiктiңiзбен сағаттап сөйлесесiз бе, ерiк өзiңiзде. Ал, тағы бiр деректерге көз жүгiртсек, өткен ғасырдың 50-жыл­да­ры Джон Косс атты азаматтың техникалық iлiмi жоқ, физика ғылымына деген әуестiгi мүлде болмаған азаматтың тапқырлығы деседi. Ол Милуоки штатындағы ауру­ха­наларда жатқан науқастарға теле­ди­дарды жалға беру бизнесiмен айналысқан көрiнедi. Өздiгiнен кереуетiнен тұра ал­май­тын науқастарға қалай көмектесу керектiгiн көп ойланса керек. Нәти­же­сiнде стерео-құлаққаптарды ойлап тауыпты. Оны әу баста құлаққап емес, тың­дау құрылғысы деп атаған. Бiрақ шуылы көп, дыбысы анық естiлмейтiн құрылғыны жетiл­дiру қажеттiгiн түсiнедi. Сөйтiп, Джон Косс бiраз қаржы жинап алған соң, инженерлердiң басын қосып, өз қиялындағы дүниенi жа­рық­қа шығаруға талпыныс жасайды. Әуелi дыбыспен жұмыс жасайтын музыканттарға көрсетiп, кем-кетiгiн тыңдатып, жетiлдiру жағын қарастырады. 1957 жылы ұйым­дас­тырылған Hi-Fi көрмесiнде Косстың құлақ­қаптары жыл жаңалығы деп таныл­ды. Со­ның нәтижесiнде «Koss» компаниясы дүниеге келген екен.
Осы көтерiлген мәселенi, жоғары санатты лор-дәрiгерi Жүнiсбекова Гүлнар Бакиқызына көрсетiп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алған едiк:
– Құлаққап бiзге XX ғасырдың 80-шi жылдары келе бастады. Содан берi құлақ кеселiмен келiп қаралып жатқандарда есеп жоқ. Әсiресе, жастардың арасында күннен күнге көбейiп келедi. Бiрi суықтатып немесе басқа да жағ­дайларға байланысты болса, ал ба­сым бөлiгi осы құлаққаптан зардап ше­гiп отыр. Себебi, құлаққап құлаққа дыбысты өте көп мөлшерде бередi. Табиғаттың өзi құлақтың iшiнде қорғаныш бұлшық еттерiн жаратқан ғой. Сол бұлшық еттер дауыс қатты шыққанынан шардайды да, өз қызметiн дұрыс атқара алмайды. Әсiресе, кiшкентай құлаққаптар, яғни құлақтың iшiне кiрiп тұратын түрлерi өте зиянды. Өйткенi, iшке кiрiп тұрғандықтан одан шыққан дауыс бiрден дабыл жарғағына берiледi. Сол себептi де, құлақтың сыртында тұратын, үлкендеуiн қолданған жөн. Екiншiден, үнемi құлаққаппен жүретiн болса, ол терiнiң сыртқы бөлiгiнiң қабынуына әкелуi әбден мүмкiн. Негiзгi, 60 дицебелден жоғары дауыс зиянды болып саналады. Күнiне бiр сағат қана ары кетсе екi сағат ғана қолдануға болады. Дүние жүзi халқының 6 пайызы есту қабiлетiнiң әртүрлi төмендеуiнен зардап шегуде. Ал, XXI ғасырдың 30-40 жылдарына дейiн 20 пайызға жетуi мүмкiн деген ғалымдардың болжамы бар. Өйткенi, сырттағы түрлi шулар, вибрация мен құлаққапты ұдайы қолдану есту қабiлетiнiң нашарлауына әсер етедi. Қазiргi адамдар сол есту үшiн жаралған мүше құлақты күтпей, керең болуға өздерiне өздерi қолдан жағдай тудыруда. Жарайды, жастар оң-солын бiлмегендiктен, айналасындағы болып жатқан жаңалықтарға құмартады ғой. Алайда, ата-анасы баласының денсаулығына баса назар аударып, ненiң зиян, ненiң пайдалы екенiн айтып отырғандары дұрыс.
26 ақпан 2023 ж. 279 0