№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Сериалдың сор болатын түрi бар

Сериалдың сор болатын түрi бар

Жарайды, көрсiн делiк, оған бiздiң ешқандай қарсылығымыз да, дауымыз да жоқ. Тек, сол сериалдағы өмiрдi аңсап, кейбiр кейiпкерлерге елiктеп, отбасының шырқын бұзып жататын келiншектер де арамызда кездесе бастағандай. Бiрде жақын құрбымның үйiне барып, мынандай бiр жайттың куәсi болдым. Құрбымның жеңгесi: «Мына, Сумитраны қарашы жұмыс iстемей үйiнде отырса да, үлде мен бүлдеге оранады да жүредi. Күнде бiр көйлек, күнде түрлi-түстi алтын әшекейлер, не iшем, не жеймiн деп жатқан жоқ. Әлгi Байронда әйелiнiң қас қабағына қарап, бiр жерге барса үйiп-төгiп сый-сыйапатын арқалап келедi. Қашан көрсең де, «Сумитра, Сумитра» деп, алақанына салып, аялайды да жүредi. Осы менiң Сумитрадан қай жерiм кем. Балаңды туып жатырмын, әке-шешеңе қарап отырмын. Еш болмаса айлығыңды алғанда Байрон ұқсап қымбат асыл тастар әкелмесең де, бiр көйлек әкелуiңе болады ғой» деп, айқайға басып жатыр екен. Мiне, бiр ғана мысалдың өзiнен-ақ, сериалдардың бiзге қалай әсер етiп жатқанын анық байқауға болады. Әйтпесе, сол үндi елiнiң халқы кедейшiлiктiң кебiн киiп отыр емес пе? Киноның аты кино? Ондағы әр кейiпкерге қызығып қарағанымызбен, шынайы өмiрде олардың да жағдайы мәз емес. Үстерiне киiп алған қымбат киiмдерi мен асыл тастарын, түсiрiлiм бiткесiн шешiп, жалға алған дүкендерiне өткiзедi. Беттерiне жағылған бояуларын сүртiп, сәндеп жасалған шаштарын тарқатып, күнделiктi күйлерiне түседi. Тұрып жатқан зәулiм сарайлары мен шетелдiк атақты көлiктерiн иелерiне қайтарады. Оларда тек түсiрiлiм барысында ғана, ертегiдегiдей күй кешедi. Расында, отбасылық сериалдардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да, бастапқыда мiндеттi түрде арпалысқа түскен сезiм, бақыттан басы айналған екi ғашық махаббаттың бал күндерiн өткерiп жүредi. Орта шеніне қарай, өлiп-өшiп қосылған ерлi-зайыптылардың арасында ұрыс-керiс, айқай-шу, ерi өзге әйелмен қыдырып кетедi немесе әйелi өзге еркекке көз салады. Әйтпесе, бұрындары еркектiң қыдыратынын ғана естiп, бiлушi едiк. Ендi, әйелдердiң де сауық-сайран құратынын көзiмiзбен көрiп жүрмiз. Сөйтiп, бiр-бiрiмен алысып жүргенде балалары ержетiп, ендi олардың мәселелерi шығады. Ержетiп қалған ұлы көшенiң жалаңаяқтарына ерiп, бұзықтық жасап, iстi болады. Қала бердi зиянды заттарға құмартып, әке-шешесiнiң жиған-тергенiн далаға тасумен әлектенедi. Ал, бойжеткен қызы жасы кәмелетке толмай аяғы ауырлайды. Онысын ешкiмге бiлдiрмей алдырып тастайды да, түк болмағандай жүре бередi. Мұны көрген бiздiң кейбiр аруларымызда сондай көрiнiстердi қайталап жатқаны жанға батады. Қазақ халқының тәрбиесiнде қыз тұрмысқа шығып, өзге шаңырақтың келiнi атанғаннан кейiн ғана жүктi болып, бала көтеретiн. Ал, қазiргi уақытта мектеп жасындағы уыздай қыздардың өзi ойнақтап жүрiп от басып, кәмелетке толмай аяғы ауырлап жатады. Осы күнi пәленшенiң қызы екi қабат болып тұрмысқа шығыпты, түгеншенiң баласы қарнын шермитiп келiн әкелiптi деген сөздердi жиi еститiн күнге де жеттiк. Тiптi, бұл күндерi таңсық болмай да барады. Сонымен қатар, сериалдар әлеуметтiк өмiрге де қатты әсер етедi екен. Мәселен, статистикалық мәлiметтерге қарағанда дамыған елдерде 25-75 жас аралығындағы әйелдердiң 80 пайызы әйтеуiр бiр сериалды тамашалайды. Бiздiң елде де солай. Сериалдардың негiзгi көрермендерi нәзiк жан иелерi. Әр кейiпкердiң тағдырына алаңдап, «ендi оның жайы қалай болар екен» деп, түнiмен көз iлмей шығатын қыз келiншектер де жоқ емес. Керек десеңiз, кейбiр оқиға желiсi өзiнiң ойындағыдай аяқталмаса, бiрнеше күн жабырқап, ас батпай қалатын бойжеткендер де кездеседi. Себебi, сериал адамды өзiне тәуелдi етедi. Әлеуметтанушылардың зерттеуiнше, сериалдардың басым бөлiгiнде кейiпкерлер бақуатты отбасыда  тұрады. Төрт құбылалары тең, хан сарайындай үлкен үй, бас-басына бiр-бiр көлiк, жанында жеке жүргiзушiлерiмен. Еркек бiткеннiң барлығы да шыттай киiнген, қолдарына дипломаттарын құшақтап, бiр елден, екiншi елге ұшып-қонып жүргенi. Ал, әйелдерi үйдiң тiрлiгiне екi-үш жұмысшыны жалдап қойып, өздерi дүкен аралап, салондарға соғып, құрбыларымен кездесiп, беделдi ресторандардан тамақтанудан басқа бiтiрерлерi жоқ. Ұл-қыздарын шетелде оқытады. Ал осындай асып-тасыған өмiр көрерменге айтарлықтай әсер етерi даусыз. Олар өздерiнiң өмiрлерiн кейiпкерлерiмен көп салыстырады. Мұның ақыры адамдардың торығуына, өзiнiң сүрiп жатқан өмiрiне көңiлi толмай, өкпе-ренiшке ұласады. Сондай-ақ, сериалдарда жиi кездесетiн жайттардың бiрi ер азаматтар әйелдерiнiң асты-үстiне түсiп, «қымбаттым, аяулым» деп, бәйек болады. Әйелi ұйқысынан тұрмай жатып, төсегiне кофесiн не шәйiн әкелiп, аяқ жағында тамсана қарап отыратын көрiнiстер жетiп артылады. Онымен қоймай, мереке-мейрамдарда құшақ-құшақ гүл, жауһар тастармен көмкерiлген сақина, үстелдiң үстiнде құстың сүтiнен басқаның барлығын қойып, керемет сыйлықтар жасайды. Кешқұрым қымбат мейрамханаға апарып, көңiл көтерiп, салтанатты түрде ас iшедi. Құдай-ау, қанша жыл отасқан ерлi-зайыпты болса да, ендi қосылған ғашықтардай бiр-бiрiне өлiп-өшiп отырғаны. Күйеуi әйелiне қарап, «қымбаттым, сен менiң бар бақытымсың. Сенi қатты жақсы көрем, сенсiз өмiр сүре алмаймын» десе, әйелi де «жаным, сенi өмiрiмнен артық көрем» деп, ынтығады да отырады. Ал, мұндай сөздердi естiген экранның бергi жағындағы әйелдер де күйеуiнен сондай қарым-қатынасты күтедi. Сериалды көрiп алып, қиялға ерiк бередi. Iштей «ертең менiң туылған күнiм, маған қандай тосын сый жасайды екен» деп, ойында жүрген дүниелердi көз алдына елестетедi. Бiрақ, жолдасы өзi күткен затты әкелмесе, көңiлi түсiп, ашуға ерiк бередi. Әлбетте, күйеуi әйелiнiң не қалайтынын түсiнсе жақсы, ал түсiнбесе, арты жанжалға айналуы әбден мүмкiн. Мәселенiң байыбына барып қарасақ, ес тоқтатқан ересектердiң өзi осындай әрекеттерге барып жатса, оң-солын танып үлгермеген баладан не күтемiз. Шыны керек, әке-шешесiмен қосылып, фильм тамашалайтын балақайлардың да ойы сан-саққа жүгiрiп, өз көзiмен көрiп отырған өмiрдi армандайды. Әдетте, кез келген киноның желiсiнде бiр үйде бiр немесе екi бала болады. Олардың әр қайсысының өз бөлмесi бар. Бөлме болғанда қандай десеңiзшi? Ата-анасы баланың қалауымен безендiрiп, керектi заттарын әпередi. Демалыс күндерi ойын-сауық орталықтарына қыдыртып, жағдайын жасайды. Ал, мектеп бiтiрген балаларын, шетелге оқуға жiбередi. Мұны көрiп отырған баланың ойында сан түрлi сұрақтар мазалайтыны сөзсiз. Сайып келгенде сүрiп жатқан өмiрiне қапаланып, «неге бiз бай емеспiз? Неге бiздiң екi қабатты үйiмiз жоқ? Неге қымбат көлiгiмiз жоқ? Неге менiң өз бөлмем жоқ? Неге бiздiң дастарханда олардiкiндей тәттiлер жоқ? Неге менде оныкiндей телефон жоқ?» деген iштегi ыза-кегi ертеңгi күнi орны толмас қасiретке түсiрмесiне кiм кепiл!? Әлбетте, сериалдардың барлығын бiрдей жаман дей алмаймыз. Тек, мән-мағынасы бар, жөнi түзу, өсiп келе жатқан ұрпаққа тәлiм-тәрбие беретiн фильмдердi көрсетсе құба-құп. Әсiресе, отандық кино саласының мамандары ұлттық нақыштағы, қазақылықты дәрiптейтiн сериалдарды неге түсiрмеске?
25 наурыз 2023 ж. 621 0