№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сәби иісі

- Қазіргі уақытта әйелдердің бедеулігі жиі кездесіп жатыр. Оның ең басты себебі нақ осы түсікке келіп тірелетінін білуге тиіспті.- дей келе ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер арасында ең жиі кездесетін сырқат жөнінде баяндады. 
Менің осы салада жұмыс жасап жаьқаныма 15 жылдай уақыт болды.Осы уақыт аралығында нақ өзіме түсік жасатуға келген мектеп жасындағы қыз бала болған жоқ,- деді.
Әйел денсаулығы үшін қандай дәрумендер маңызды?
- Қазіргі уақытта бұрынғыдай дәрігердің тексеруінен өтпей, тиісті сынамаларды тапсырмай дәрумендерді қабылдауға болмайды. Көбінде қыз-келіншектер бір - бірінен естіп, дәруменнің зияның жоқ деп қабылдай береді. Алдымен адам қанында нақты дәруменнің нақты қандай мөлшерде екенін тексеру қажет. Содан кейін жетпей тұрған мөлшерән толықтырады. Ал, көпшілік қолданып жүрген фолий қышқылына келетін болсақ, ол- жүктілікті жоспарлау және жүктілік кезінде қажет міндетті дәруменнің бірі. 
- Сәби сүю бақытына кенелгісі келетін қыз-келіншектерге көкейге түйіп жүретін қандай кеңес берер едіңіз?
Сәби- шаңырақтың шаттығы. Дүниеге дені сау нәрестені әкелу үшін ананың денсаулығы мықты болуы керек. Сәби сүйгісі келетін әйелдер қауымы алдымен дұрыс тамақтануы тиіс. Күйзелістен сақ болып, таза ауада серуендеуі қажет. Ұйқысы қанық болып, ішімдік пен темекіні тұтынбағаны абзал. 
Қазіргі бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығында да кінәрат көп. Ал, сау бала тек сау анадан ғана туады. Сондықтан жүктілікке дейін жан-жақты тексеруден өтіп, жауапкеошілікті сезіне білуі керек. 
24 ақпан 2023 ж. 204 0