Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір ғажап

Есірткісіз өмір ғажап

Есірткі – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет. Адам жанының саулығына да, тәнінің саулығына да айтарлықтай зор залал тигізіп жатқан бұл фактор ең алдымен ой өрістің дамуына, рухани тұрғыда жетілуге кедергі келтіретіні айдан анық. Өкпені ірітіп, бауырды шірітетін, естір құлақтың өзіне ауыр тиетін «есірткі» күні бүгін біздің елімізде ғана емес, күллі әлемге тамырын тереңге жайып, орнығу үстінде. Әрбір ақыл-есі жетіліп, санасы қалыптасқан адам бұл қасіреттің алдын алуды өзінен бастап, өз бойын жаман әрекеттер мен зиянды заттардан, пайдасыз дүниелерден аулақ ұстауы тиіс.
«Жаны саудың тәні сау», -деген қазақта жүйелі сөз бар. Түтіні бұрқыраған темекіні түтетіп, ақ «суды» қолына серік еткен жандардың денсаулықтарына кірбің келетіні белгілі. Қазіргі уақытта ондай жандар да аз емес. Дәл осындай улы дүниелермен дос болып алған жандардың болашағы қандай болмақ? Олардың қоғамдағы рөлі қандай?
Күні бүгін қолына арақ ұстап, суша ішіп жүрген жігіттер қауымы ертеңгі күні нашақор әке, темекіні төл тағамындай көріп, аузынан тастамай жүрген нәзік жандылар нашақор ана атанып, ең алдымен дүниеге келген сәбидің денсаулығын, кейіннен болашағын бұлдыр ететіні хақ. Ұлт денсаулығы мен ұрпақтар сабақтастығының алтын жібі үзілмесін десек, есірткіге қарсы бүкіл ел болып күресіп, бір мемлекеттің тағдырын сақтауға жүйелі түрде жұмылуымыз қажет.
- Есірткі бір адамды, бір отбасыны, немесе бір ауылды ғана сергелдеңге түсіріп, өмірін уламайды, нашақорлықтың кері кеткен әсері бүтін бір ұлттың улануына әкеп соқтырады.
- есірткі ұлттық сипаттың жоғалуына түрткі болады;
-есірткі қоғамдық ахуалға, халық денсаулығына кері әсерін тигізіп, қауіп туғызады;
-есірткі бүтін бір ұлтты тамырымен жойып жіберуге мүдделі індет;
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру жиілеп барады. Бұның да өзіндік себептері бар.
Біріншіден, жасөспірім жаста бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салынып кетсе, екіншіден, бір сәттік рахат үшін шоқ басып қиналып қалатындай.
Қазақстан- демократиялық-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы- адам және адам өмірі. « Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Сондықтан құрметті Қазақ жастары өмірің жарқын, болашағың зор болсын десең, еліңнің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақта!
Қорытындылай келе, басқа елдермен тереземізді теңестіріп, алдыңғы қатарлы елдер санатынан боламыз десек, есірткі атты індеттен іргемізді аулақ салуымыз керек. Дәл қазіргі таңда әр шаңырақтың есігінен үңіліп, терезесін торып жүрген ғасыр індетінен сақтануымыз қажет. Ұлттың қауіпсіздігі мен елдің жарқын болашағы нашақорлық пен жемқорлықтан іргелерін алшақ ұстаған елде болады. Бүкіл ұлтымыздың тыныштығы үшін әр жеке тұлға нашақорлықтан аулақ болуға мүдделі. Адам қауіпсіздігі –ұлт қауіпсіздігі!
Жүзенов Нұрарыс
9 а сынып оқушысы
Б.Аралбаев атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы




16 шілде 2023 ж. 647 0