№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Уақытты тиімді пайдалану – табыс жолы

Уақытты тиімді пайдалану – табыс жолы


Сабақ уақытынан тыс мектеп жасындағы баланың ата-анасы жас ұрпақтың жеке басын дамыту үшін күнделікті әр сағатын жоспарлап, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен шұғылдануға, рухани әлемін байытуға, көкжиегін кеңейтуге, достарымен қарым-қатынас жасауға, ойнауға, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға көңіл бөлуі керек.


Қазіргі таңда телефонға телмірген балалар неше түрліні көреді. Бұрындары баланы даладан үйге кіргізе алмасақ, қазіргілер үйден шықпайды. Неге дейсіз бе? Барлығының қолында бір-бір телефон. Үлкендері түгілі кіш­кентайларының өзі осы телефонға арбалған. Сол себепті, құлақ тыныш болса болды деп отырмай баланың не көріп, кіммен сөйлесетініне де мән бергеніміз дұрыс. Үйде немереден бөлек жиендер де бар. Ата-анасы қырда тұрады. Барлығының сабақ үлгерімі жақсы. Бос уақыт дегенде сабақтан бөлек қосымша үйірмелерге қатысады. Одан қалды үй шаруасына көмектесіп, іні-сіңілілерін қарайды. Арасында телефонды қолда­нады. Қарап отырсақ, бүгінде трендке айналған бағдарламалар сан-алуан әрі кең қолданысқа ие. Әсіресе, вайнер, блогер, тиктокер болғысы келетін жас буын өсіп келе жатыр. Өкініштісі пайдалы әрі қызықтыларын санасаң саусақ бітіп, ыржың-тыржыңды, мән-мағынасы жоғының шегіне еш жете алмайсың.
Осы орайда айта кетейік, балаларды кішкентайынан тәрбиелеудің әдісі шығармашылыққа баулу, бейімдеу өте жақсы әсер етеді. Баланың ой-өрісін дамытуға, мінез-құлықтарын қлыптастыру, дүниетанымын кеңейтуге, адамгершілікке, әде­мілікке тәрбиелеуде көр­кем шығарманың маң­ызы зор. Әсіресе, бас­тауыш сынып бала­лары өздерінің жас шамаларына
қарай ертегі, аңыз әңгімелерді, батыр­лар ту­ралы жырды сүйсініп оқиды. Әлбетте, қазіргі балалар қайдан кітап оқиды, көргендері тик-ток, түсіргендері неше түрлі вайндар деуіңіз мүмкін. Әлбетте, сіздің ойыңыз дұрыс. Алайда, сол екен деп, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Сіз өзіңіз балаға ертегі оқып беріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға болады.
Сонымен қатар, мектептен тыс кездерде де, яғни үш ай жаз мезгілінде волейбол, баскетбол немесе басқа да бірігіп ойналатын ойын түрлерін ұйымдастырып, музейлерге апарып, табиғатқа саяхатқа шығарып тұрса, балаларар бос уақытын тиімді пай­даланған болар еді. Ең бастысы әр баланың икеміне қарай сурет салу, шығарма жазуға, кітап оқуға, кесте тігігуе, тоқыма тоқуға үйретіп немесе арнайы үйірмелерге берсеңіз бұл да баланың бос уақытын текке өткізбей, пайдалы іспен айналысуға септігін тигізер еді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп ұлы ғалым философ Әбу Насыр Әл Фараби айтқандай балаға жан-жақты тәрбие беру біздің басты парызымыз. Өйткені, бала тек ата-ананың баласы емес, ұлттың ертеңі. Мұғалім баланың екінші ата-анасы, өйткені, ұстаз баға жетпес тұлға.
Келешегіміз деп отырған ұрпақ­тарымызды, яғни әрбір отбасында өсіп, тәрбиеленіп отырған балаларымызды бүгінгі күн талабына лайық етіп тәрбиелеу баршамыздың ортақ мақ­сатымыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ұстаздар да, ата-аналар да баланың тәрбиесіне селсоқтық танытпай, бірге жұмыс жасаса нұр үстіне нұр.

Айда Айнақожаева,
№125 мектептің
педагог-психологі

18 мамыр 2021 ж. 882 0