№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде


Тарихи тұлғалармен үмітті тұғырлы болған, құт берекенің қасиет байрағын байлаған Жаңақорған кентінде тағы бір көшенің ашылу салтанатының куәсі болдық. Күннен- күнге жайнап, көркейіп келе жатқан кентімізде жаңа көше еңсе көтеріп, кент тұрғындарының көз қуанышына айналды. Бұл көше аудан өміріне елеулі еңбек еткен, Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тұрапов атамыздың есімімен аталды.

 Тұрапов Яхия 1900 жылы дүниеге келіп, ел басына күн туғанда қолына қару алып, майданға аттанды. Атқыштар полкінде жаумен шайқасып, Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған жауынгер. «Германияны жау қолынан азат еткені үшін» медалі және басқа да бірнеше марапатты иеленді. Елге оралған соң аудан ауыл шаруашылығының дамуы жолында қажырлы қайрат қылған жан тары егіп, балық аулап, мал өсірген.

Шараны Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов ашып, соғыс және еңбек ардагерінің өмір жолымен таныстырды. Жаңақорған кенті әкімінің көшеге Яхия Сыздықов есімін беру туралы шешімін оқып берді. Аудан орталығындағы «Құм сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжапаров Құран бағыштады.
Естелік айту үшін ел ағалары Жүніс Үпенов, еңбек ері Мауия Рахым, Еңбек ардагері Тұрғанбек Қалдарбеков және Яхия атамыздың қызы Айман Сыздықова сөз алып, естеліктерімен бөлісті. Көшенің ашылуына ұйытқы болған ел басшылығына алғыс білдіріп, көпшілікке ілтипатын жеткізді. Иә, ерлік ешқашан ұмытылмайды, әсіресе, кешегі қан майданда бүгінгі бейбіт күн үшін, ұрпақ үшін жан қиған боздақтар, батыр, жауынгерлер жадымызда мәңгі сақталары анық.

Әсел Ибрагимова
31 қазан 2022 ж. 514 0