№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген нысандарды аралады

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген нысандарды аралады


Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжановтың, облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов пен Агенттіктің облыстық департаменті басшылығының қатысуымен өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енген нысандар араланды.


Сапар барысында Саян Қылышұлы «Жылуэлектроорталық» және Қызылорда қаласындағы «Бас су жинау кешені» кәсіпорындарының басшылық құрамымен кездесіп, өндірістік процестермен танысты.

Кездесу барысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы делдалдар, жасанды монополистер, тарифтерді өсіру, қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың қызметі сараланды.

«Квазимемлекеттік сектордың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында тиісті бақылаудың және ашықтықтың болмауынан, жұмысқа орналасу рәсімі реттелмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу рәсімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басым, сол тұстарын зерделеу арқылы тиісті алгоритм ұсынуымыз керек деді», – деді Саян Қылышұлы.

Превенция қызметінің басшысы бұл нысандардың тәуекелдер картасына кездейсоқ енгізілмегенін, азаматтардың таза сумен және жылумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы Агенттік бақылауында болатындығы ескертілді.
 
20 қазан 2022 ж. 798 0