Жолдау жастарды жігерлендіреді
Жастар жағы әр жылдан үлкен үміт күтетініміз рас. Нақты істер мен жоспарлы жолдаудың куәгері болдым. Жұмысымызға жаңа бағыт пен сергек серпін беретін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан xалқына жолдауы жарияланды.
Бүгінгі күнде еліміздегі ақпарат құралдары "Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам" тақырыбындағы Президентіміздің жолдауын таратып жатыр.
Мемлекет басшысының ел алдына қойған жаңа мақсаттары замана көшінен тыс қалмай, әлемдік аренадағы айбынды дамуымызды әрі қарай жылдамдатуды көздейді екен.
Ел ішінде адами капитал сапасын арттыру арқылы еліміздің дамуын жүзеге асыра отырып, цифрлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды күшейтсек, мемлекеттігіміз де нығая түсетіні анық.
Осылайша, жолдауда жүктелген тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асыру арқылы көзделген мақсаттарға қол жеткізуі тиіс.
Ендеше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел ертеңіне еткен елеулі еңбегін еселеуде ерінбей еңбек етейік!
Айтулы жоспарды жүзеге асыруда айбынды азаматтар мен жалынды жастар жүйелі жұмыстар жасайды деп ойлаймын!
Алдағы уақыттардағы барлық істерге сәттіліктер тілеймін.
Аудандық маслихат депутаты Ж.Абдукаримова