№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылау мақсатында аппараттық мәжіліс өтті.


Жиынға Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова, құрылым басшылары, қызметкерлер, профессор-оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты.

Қатысушылар білім мен ғылым саласын заманауи талаптарға сай дамыту, жастарға қолдау көрсету мәселелерін басты назарға алды. Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

 Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын тыңдадық. Жолдаудың мән-маңызы өте ерекше. Себебі, бұл жолдаудың ауқымы кең, мазмұны бөлек.
Жолдауда Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолыңдағы дамуының басты мәселелеріне, атап айтқанда: әлеуметтік, рухани, экономикалық және демографиялық ахуалдарына назар аударылды. Сондықтан да қоғамды дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер мәселесін шешуді алға қойып отыр.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Президент жолдауындағы міндеттерді реттеп, мақсаттарға жету үшін бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Ұлттық, мемлекеттік құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруы тиіс. Сондықтан баршаңызды Президент жолдауын барлығымыз қолдап, еліміздің әлеуметтік, рухани, экономикалық ахуалын жақсартуға атсалысуға шақырамын», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы Президент Жолдауын бірауыздан қолдап, алға қойған міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

07 қыркүйек 2022 ж. 314 0